Өлең, жыр, ақындар

Өлім жоқ

  • 18.07.2018
  • 0
  • 0
  • 1665
(Николай Островскийге)

Гүлденіп талант құлпырып,
Сәулеленсе көрмеде,
Талпынып асқар құзына
Ойнақтаса көрмеде,
«Ұланым» деп сүйер жұрт
Сұңқарына теңгере
Жұрт сүйгені өлместік
Атақ болар пендеге,
«Шынықтырып болатты»
Басқан көрік терлене,
Жоғалмастық ол мұра
Тарихтайын көмбеде,
Ол мәңгілік жүректе
Түспе ойыма әр неме...
Бізде өлмейді ардақты ат,
Жоғалады тән - дене.
— Е десе қара жамылып
Қайғырамын мен неге?
«Өлім» деген атақты
Жоймайсың, өмір, сен неге!
Берем бұйрық өлімге
Үзем торлы көгенін,
Бізде қымбат тіршілік
Біздің елде жоқ өлім,
Бізде үнемі қуаныш
Далам гүлді көк өрім,
Бізде өшпейді ардақты ат
Жоғалтпайды бөбегін,
Бізде нұрлы алтын таң.
Тапшы өлімнің себебін?
Бар елімнен естіледі
Островский деген үн,
Оған мәңгі ескерткіш
Менің өткір өлеңім.
Оның атын алтынмен
Айшықтаймын теремін,
Ол өмірлік тірі ұлан
Ол қатарда, сенемін.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Сәлем саған, астанам

  • 0
  • 0

Мен қазақпын!
Ескі қазақ емеспін.
Кремльде талай еркін кеңестім,
Өнерлім, аштым ғылым сырларын

Толық

Кәрібай шал

  • 0
  • 0

Сексенде дәл осы жыл Кәрібай шал.
Ер еді тынысы кең, бейне бір нар.
Бақытты бұл колхоздың қариясы,
Не керектің үйінде бәрі де бар.

Толық

Жаңа жылға тарту

  • 0
  • 2

Күн еді қарлы аяз,
Борандап жел тұрды,
Ескі жыл қарт ата
Кетуге бел буды.

Толық

Қарап көріңіз