Өлең, жыр, ақындар

Жаңа жылға тарту

  • 22.07.2018
  • 0
  • 2
  • 2832
Күн еді қарлы аяз,
Борандап жел тұрды,
Ескі жыл қарт ата
Кетуге бел буды.
Сөйтті де салмақпен
Артына ол қарады,
Не тапты, не берді?
Бәрін де санады...
Көзіне жарқ етті:
Табыстар, жеңістер,
Тізілді қалалар,
Түрленді жемістер.
Біреуді күткендей,
Аттанбай кідірді.
Ақ боран бұрқады,
Асау жел жүгірді.
Он екі... қақты есік
Жайраңдап жана жыл
— Кіріңіз, кіріңіз,
Міне төр, міне гүл!—
Деді де құрметпен
Қария қарсы алды.
Тартулар ұсынды,
Биледі, ән салды.
Тартумен алдыңда,
Жас жігіт жаңа жыл!
Қарсы алып, құттықтап
Көр, міне, кімдер тұр:
Мың-мың тонна көмірлі,
Мұнайлы мыс пен темірлі
Жұмысшы тарту әкелді.
Егінді, малды есірген
Нұра менен Есілден
Колхозшы тарту әкелді.
Деп әнекей күліп тұр
Қызыл шашы Нұржамал.
Жаңа өсірген малы бар.
Жаңа тапқан дәні бар,
Тағы ашары тағы бар
Тұр алдында ғалымдар.
Жүрегіңді тербетер
Жаңа роман, жаңа жыр,
Сол еңбектің иесі
Жазушы мен ақын тұр.



Пікірлер (2)

Жансая

күшті әдемі рахмет

Myrza

Өте керемет!

Пікір қалдырыңыз

Колхоз қызы Биғайша

  • 0
  • 0

Колхоз қызы Биғайша!
Жан екенсің қымбатты.
Айрылармыз қалайша!
Неге шапшаң күн батты?!

Толық

Мен келдім

  • 0
  • 0

Алыстан аңсап мен келдім,
Азат киіп қолымды ал!!
Туғаның өмірлік,
Сен үшін ақ қан қаным бар.

Толық

Құлпыра берші, кең дала,

  • 0
  • 1

Құлпыра берші, кен, дала,
Гүліңді күнде терейін!
Жапырағыңмен жасыршы,
Қойныңа мен енейін!

Толық

Қарап көріңіз