Өлең, жыр, ақындар

Қайдасың көріктім, гөзелім

  • Bain
  • 25.04.2015
  • 1
  • 4
  • 20460
Қайдасың көріктім, гөзелім
Сен-дағы ойлайсың сеземін.
Жалғызбын білмеймін неліктен
Болса да өз үйім, өз елім.
Едің ғой ақ қанат көгершін,
Қайтейін, өмірің көгерсін!
Әзірге мен бір жан белгісіз,
Әйтеуір соңында көрерсің.
Қатыгез қайсыбір сағатта
Өмірді келеді тастағың.
Сонда да үмітті жоғалтпа
Қаралы күндерден қашпағын.
Сабыр ет, тоқтау қыл, шеше біл,
Тағдырың улы оғын жолдаса.
Өзің-ақ ойлашы, несі өмір
Қуаныш, қайғысы болмаса.
Қай жерде тіршілік өмір бар,
Сол жерде қуаныш, қайғы да.
Болса да алдың құз, артың жар,
Төзе біл, өмір сүр, айныма.



Пікірлер (4)

Аружан

Бізде ертең өлеңнен жарыс және жеңемін

Айжан

Ақиық ақын ағамыздың сыршыл өлеңдерін оқи бергің келеді...

Ұлдана

М.Мақатаев атамыздың өлеңдерін сүйіп оқимын.Өлеңдері терең мағыналы.

Фариза

оқи бергің келеді...оқи бергің келеді...терең мағыналы.

Пікір қалдырыңыз

Төлегенге

  • 1
  • 4

Тұңғыш көрдім өлгенін шын ақынның,
Қызарып батты ертеңгі шығатын күн.
Торғай-өлең шырылдап бара жатты
Аузында ажал дейтін сұрапылдың.

Толық

Музаға

  • 1
  • 4

Отырғанын қарашы күйім келмей,
Қайда кеттің?
О, Муза! Құйын желдей.
Аузымды ашсам өкпемнен жел үреді,

Толық

Жұмыстан соң

  • 1
  • 2

Қажып тұрмын, несіне жасырайын,
Әкелші, ата, бар болса насыбайың.
Азан-қазан шулаған қапақ бастан
Құрып кеткір даң-дұңды қашырайын.

Толық

Қарап көріңіз