Өлең, жыр, ақындар

Алла деген сөз жеңіл

  • 17.03.2015
  • 1
  • 5
  • 37159
Алла деген сөз жеңіл,
Аллаға ауыз қол емес.
Ынталы жүрек, шын көңіл,
Өзгесі хаққа жол емес.

Дененің барша қуаты
Өнерге салар бар күшін.
Жүректің ақыл суаты,
Махаббат қылса тәңірі үшін.

Ақылға сыймас ол алла,
Тағрипқа тілім қысқа аһ!
Барлығына шүбәсіз,
Неге мәужүт ол қуа.

Ақыл мен хауас барлығын
Білмейдүр, жүрек сезедүр.
Мұтәкәллимин, мантикин
Бекер босқа езедүр.



Пікірлер (5)

Мерей

Керемет!

Айгуль

Менің балам зубной техник болып жұмыс істейді.Жасаған тісінен "Алла" деген жазу шықты.Ол нені білдіреді?Қандай ой айтасыздар?Не істеу керек?Нені істемеу керек?

Beautiful girl

Керемет !

Нурик

Өте керемет

TBG

This is amazing

Пікір қалдырыңыз

Буынсыз тілің

  • 2
  • 8

Буынсыз тілің,
Буулы сөзің
Әсерлі адам ұғылына.
Кісінің сөзін ұққыш-ақ өзің,

Толық

Жұмбақ

  • 0
  • 2

Алла мықты жаратқан сегіз батыр
Баяғыдан соғысып әлі жатыр.
Кезек-кезек жығысып, жатып-тұрып,
Кім жығары белгісіз түбінде ақыр.

Толық

Ал сенейін, сенейін

  • 0
  • 0

Ал сенейін, сенейін,
Айтқаныңа көнейін.
Шалма ораған сопының
Ішін арам демейін.

Толық

Қарап көріңіз