Өлең, жыр, ақындар

Буынсыз тілің

  • 18.03.2015
  • 2
  • 8
  • 70473
Буынсыз тілің,
Буулы сөзің
Әсерлі адам ұғылына.
Кісінің сөзін ұққыш-ақ өзің,
Қисығын түзеп тұғырыға.

Сезімпаз көңіл Жылы жүрек
Таппадым деп түңілмес.
Бір тәуір дос Тым-ақ керек,
Ойы мен тілі бөлінбес.



Пікірлер (8)

Алинур

Рахмет осы сайтка жане Абай атамызга

Арын Қазақ

Керемет өлең

Айжаркын

Керемет

Жанерке

Жақсы өлең бір минутта жаттап алдым

Дулат

Абай мықты ақын

Әсет

Өте жақсы өлең

Жеңісбек

Керемет өлең

Пікір қалдырыңыз

Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат

  • 2
  • 14

Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат,
Екі түрлі нәрсе ғой сыр мен сымбат.
Арзан, жалған күлмейтін, шын күлерлік
Ер табылса жарайды, қылса сұхбат.

Толық

Желсіз түнде жарық ай

  • 2
  • 32

Желсіз түнде жарық ай,
Сәулесі суда дірілдеп,
Ауылдың жаны - терең сай,
Тасыған өзен күрілдеп.

Толық

Жүрегім, ойбай, соқпа енді!

  • 0
  • 3

Жүрегім, ойбай, соқпа енді!
Бола берме тым күлкі.
Көрмейсің бе, тоқта енді,
Кімге сенсең — сол шикі.

Толық

Қарап көріңіз