Өлең, жыр, ақындар

Қазағым

  • 24.04.2018
  • 0
  • 0
  • 4336
Бисмиллаһ деп бастайын өлеңімді,
Айта бергім келеді өлең-жырды.
Жүрегін толғандырып ұрпағымның,
Жазайын деп жырға толған өлеңімді.

Ассалаумағалейкум қазақ елім,
Дәстүрі бар, салты бар байтақ жерсің.
Сан ғасырдан келе жатқан бабалардың,
Мұра болып ұрпағыма қалды менің.

Болсын менің ұрпақтарым саналы,
Айтарым бар болыңыздар даналы.
Тілегіміз болашақта болсын деп,
Елім ждейтін, жерім дейтін ұрпағың.

Ұрпақ дейміз, бала дейміз бәріміз,
Бірақ қалай болып жатыр хәліміз.
Қазақ деген атымызды ұлықтап,
Жар салайық дүйім жұртқа бәріміз.

Қазақ мықты ер жүректі ұлдары,
Әсем, сұлу, қара торы қыздары.
Тәрбиесін тал бесіктен бастаған,
Аман болсын қазағымның ұрпағы.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Балалық шақ балдай тәтті

  • 0
  • 1

Балалық шақ балдай тәтті,
Өлең айтып таңдай қақтық.
Бірге ойнап, бірге күліп,
Орта белге жеттік нақты.

Толық

Көктем

  • 0
  • 0

Сағынамыз әркез осы көктемді,
Келіп көктем әкелді міне көктерді.
Жайқалып тұр көктемі мен көктері,
Бағалайық келген осы көктемді.

Толық

Әпке

  • 0
  • 16

Әпке деген атыңнан айналайын,
Қамқор болып жүрсің маған лайым.
Бақытты боп жүрейікші біз бірге,
Болса деймін әпкем жақсы сырласым.

Толық

Қарап көріңіз