Өлең, жыр, ақындар

Балалық шақ балдай тәтті

  • 14.07.2018
  • 0
  • 1
  • 8124
Балалық шақ балдай тәтті,
Өлең айтып таңдай қақтық.
Бірге ойнап, бірге күліп,
Орта белге жеттік нақты.
Жылдар өтіп, өсіп жеттік,
Болды қызық сәттер көпті.
Ұл, қыздар боп достасып біз,
Асық ойнап, арқан тарттық.
Балалық шақ балдай тәтті,
Ұмытпаймыз өткен шақты.
Алаңдамай еш нәрсеге,
Балалықпен жүрдік шалқып,
Амал қанша өмір солай,
Балалық шақ кетті шалғай.
Болашаққа жол салайық,
Қадам басып алға қарай.
Кім болсаң да мейлі маған,
Жатырқамай жақын болам.
Бір анадан туылғандай,
Шын ниетпен туыс болам.



Пікірлер (1)

Alina

маған негізі қысқа жұмбақ немесе тақпақ сияқты керек еді

Пікір қалдырыңыз

Әпке

  • 0
  • 16

Әпке деген атыңнан айналайын,
Қамқор болып жүрсің маған лайым.
Бақытты боп жүрейікші біз бірге,
Болса деймін әпкем жақсы сырласым.

Толық

Еркелейді бүлдіршін

  • 0
  • 0

Бала-бақша жайнап тұр,
Бұлбұл құстар сайрап жүр.
Қызылды-жасыл алмасы,
Пісіп тұр бақта алшасы.

Толық

Жазғы демалыс

  • 0
  • 2

Жаздың ыстық күнінде,
Демалысқа шығамыз.
Бір топ бала жиылып,
Шомылуға барамыз.

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар