Өлең, жыр, ақындар

Мен ойлайтынмын

  • 31.03.2018
  • 0
  • 0
  • 5071
Мен ойлайтынмын:
данышпан деп патша мен бидің бәрі,
әрбір ұлттың солар деп тұйғындары.
Жарқ-жұрқ еткен қаңылтыр саясаттар
сезімімді сорып ап, миды ұрлады.
Билік құлқы әлемде біреу екен –
өз басының мансабы, үйдің маңы.
Билік таққа жеткенше жылтыр бәрі,
жылтырлардың ойы – тек құлқын қамы.
Қара табан халықтың қамын ойлап
жаны ауырған көрмедім бір тұлғаны.
Шындық-елік шыңғырып жатсадағы,
қылыштылар қорғауға ұмтылмады.
Қылыш-билік сылып ап сезімдерін,
сезімсізден сескеніп көз ілмедім.
Қиянаттың қорғаны күштілік те,
ақиқатқа мәңгілік егіз бе мұң?
Биліктінің жаны – күс, жүрегі – жез.
Тек мен одан не күттім, нені іздедім?



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Үміт және үкім

  • 0
  • 0

Биіктерге қомдайтын қанатыңды,
түседі еске кей жәйлар бала күнгі.
…Ағамменен жарыса домбыра алып,
тартқан болам «Абылды», «Нар атуды».

Толық

Мәңгілікпен кездесу

  • 0
  • 0

- Біз мынаны білеміз:
сіздің жүрегіңіз бәрін де батыл жырлайды,
қуаныш, қайғыға батып жырлайды –
сол бізді өзіңізге ғашық еткен.

Толық

Көрмесем де ел қорғап, жорыққа еніп

  • 0
  • 0

Көрмесем де ел қорғап, жорыққа еніп,
болмашыға жүрдік тер төгіп келіп,
жылағанға жүгірдім жүрегімнің
мейірімін, жылуын бөліп беріп.

Толық

Қарап көріңіз