25*2=50*1

Бұл бетте «25*2=50*1» атты Құмарбек Қалиев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Алла қосса,
Бірер жылда
Мен де елуге келермін;
Қалың елім,
Сонда сенің алдарыңда
Не дермін?!.

Жиырма бесте қылыш жанып,
Отызда орда бұзғам жоқ
"Қыр асам"-деп, тізем талып
Қырықта шекем қызған жоқ

Бұза берсе орда қалмас,
Мен онсыз да күн көрдім
Қыр аспаған жолда қалмас
Ер жасына тың келдім

Ердің жасын екі еселеп
Жырла жанып, жырлап өш;
Жоқты таптық із кесе кеп:
"Елу- екі жиырма бес"

Бұл теңдіктің қарсы жағы-
Қос жиырма бес-бір елу;
Ыстық қайтты, салқын алда-
Жылықанды бұл Елу;
Бесін жетті, екінті алда-
Орда жолда-кір, Елу;
Еске салам Ұлы Заңды:
Бір туу бар-бір өлу;
Қамшылама сірі жанды-
Елу-жарға тірелу;

Өрім бітіп,алдым-еңіс,
Жан-шағала шарқ ұрад
Көк есекке өлең толы
Ала қоржын артып ап,
Төс айылды, қос айылды
Үзердейін тартып ап,
Үшінші бір жиырма беске
Кетейін бе, тартып-ақ!?.

Тұқымдастар арасында
Салпаңқұлақ-шын дүлдүл;
Сал қиянға, саласың ба-
Жұла тартар бұл құрғыр!

Сол шабысқа көңіл өсіп
Мен де шырқап кетермін
Көк есегім желдей есіп,
Сан белестен өтермін,
Орда бұзам, қырға көшіп-
Өйтпегенде не етермін!..
Ей, Жиырма бес-сен Үшінші;
Туды биік көтергін!
Содан.., сөйтіп..,
Алла қосса..,
Пенсияға жетермін!..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

25*2=50*1 өлеңінің авторы кім?

Құмарбек Қалиев — осы өлеңнің авторы.

25*2=50*1 өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

25*2=50*1 өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Құмарбек Қалиев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

25*2=50*1 өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері