Өлең, жыр, ақындар

«7» САНЫ

«7» САНЫ

Бұл ғаламды тәңірі
Жеті күнде жинапты
Пендеге Жерді мекен ғып
Жеті бөліп сыйлапты

Таусылмайтын қазына
Жетіқабат жер асты
Жетіқат көкте жеті түс-
Кемпірқосақ жарасты

Жеті жасқа келгенше
Жерден таяқ кім жемес
Жеті басты аждаһа
Зәрені алар жынды елес

Шайқор,найқор,зинақор..,
Жеті қор- жанның соры да
Наурыздама-жеті дәм
Тат жақсыға жоры да

Үш жетіңіз-жиырма бір,
Қарташының арманы
Жетпіс жеті әкеңе
Йауыз сыйын арнады

Өзіңде жоқ өнерді
Жеті атаңнан тауып көр;
Батыр, бағлан, шешенді
Сол жетеуге таңып бер

Әз Тәуке хан жарғысы
Неге жетеу,ұқтың ба
Жетісуға түстің бе,
Жетіаралдан шықтың ба

Жақсы мен жаманның
Бәрі неге жетіден
Мүмкін шертер жауабын
Жеті шекті жетіген

Әлде, осы жетінің
Шын түбірі жету ме
Жетіле алмай жете алмай
Қанша ғұмыр өтуде

Жеті буын сөз айтып
Жеті жұртты қаратқан
Жөн бе, жо-ж-о-оқ.., дұрысы-
Жеті шелпек таратқан:
Жетілуге,жетуге
Жеткізгей,- деп- Жаратқан!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Кей сәтте

  • 1
  • 0

Сірескен қымтап жабығын
Сұр аспанды сұрқай күз
Суық сорған жарық үн
Сүреңсіздікті шырқаймыз

Толық

Наурыз тойында

  • 1
  • 0

Таудан құлап төгіліп, саулап қырдан
Жып-жылы леп жаңартып таңды аттырған
Алты ай қыс арқасына батқан ерден
Тіршілік босанып, бір аунап тұрған

Толық

КЕЙДЕ

  • 0
  • 0

Желмая мініп, Жерұйық іздеп
Желді Асан*
Бізге де, мүмкін,келмеді,әлде
Келді Асан

Толық

Қарап көріңіз