Өлең, жыр, ақындар

Қажымас дос халықта жоқ

  • 16.04.2015
  • 1
  • 4
  • 55503
Қажымас дос халықта жоқ,
Айнымас серт қайда бар?
Алда көрген артта жоқ,
Мысқыл, өсек, айла бар.

Жақсылығың күнде ұмыт,
Бір жаңылсаң, болды кек.
Пайдасынан бой суыт,
Өзі тимей жүрсе тек.

Пайда, мақтан өзінен,
Артыла ма ант ұрып?
Жарыса өсек сөзінен,
Айта берсін шарқ ұрып.

Кімге достық көп еттім,
Түбі болды бір кейіс.
Жақсы өмірім әуре1 еттің,
Жар таба алмай бір тегіс.

Жау қожаңдап бұртайып,
Дос құбылып, әуре етер.
Кімі тентек, кімде айып,
Тексере алмай өмір өтер.

Сыйласарлық тектінің,
Кім танымас нұсқасын?
Күнде өзімшіл ептінің,
Несін адам ұстасын?

1 Әуара (парсыша) – қаңғыру, сергелдеңге салыну



Пікірлер (4)

Снежанна

Рахмет!!!!

Нұрсая

Керемет. Абай бабамыздың өлеңдері ұмтылмасын.

Белгісіз қолданушы

Керемет,мағыналы өлең

Пікір қалдырыңыз

Жастықтың оты, қайдасың

  • 1
  • 12

Жастықтың оты, қайдасың,
Жүректі түртіп қозғамай?
Ғылымның біліп пайдасын,
Дүниенің көркін болжамай?

Толық

Жұмбақ

  • 0
  • 0

Сыналар, ей, жігіттер, келді жерің,
Сәулең болса, бермен кел талапты ерің.
Жан құмары дүниеде немене екен?
Соны білсең — әрнені білгендерің.

Толық

Балалық өлді, білдің бе?

  • 1
  • 16

Балалық өлді, білдің бе?
Жігіттікке келдің бе?
Жігіттік өтті, көрдің бе?
Кәрілікке көндің бе?

Толық

Қарап көріңіз