Өлең, жыр, ақындар

Жастықтың оты, қайдасың

  • 15.04.2015
  • 1
  • 12
  • 46344
Жастықтың оты, қайдасың,
Жүректі түртіп қозғамай?
Ғылымның біліп пайдасын,
Дүниенің көркін болжамай?

Адамның тауып айласын,
Кісілікті ойламай.
Қаруын көңіл сайласын,
Қолға ол түспес бойламай.

Махаббат, қызық кім көрер,
Оның да дәмін татпаса?
Біржола басты кім берер,
Жаныңа қайғы батпаса.

Аямай жанын дос ерер,
Жолдастықты ақтаса.
Алдыңа айдап кім келер,
Ерінбей жүріп бақпаса.

Мал бақпақтық шаруа боп,
Адал тауып асықпай.
Құр айғаймен әуре боп,
Өнердің жайын баса ұқпай.

Енді нені істейміз,
Бәрінен де бос қалдық?
"Ауызға келіп түс" дейміз,
Қылып жүріп құр салдық



Пікірлер (12)

Ару

Керемет өлең мағынасы бар осыны өсіп келе жатқан жастар миына құйса игі еді

Қазақ батыры

Рахметсізге қазақ тілі нен берді күшті мағнасы өленіңіз бəріне танымалболсын

ару

шынындада тамаша абай атамыз артына үлкен із қалдырды емеспе біз соны пайдалана білуіміз керек
өте керемет жастық шақта не болмайды десеңші

Сакен

Осы өлен жаттауға өте қыйын екен. Басқасы оңайлау.

каусар

бір сөзбен аитканда тамаша

каусар

керемет

Myrza

Өте керемет

Мадина

Керемет

Алинур

Олен оте асерли

Индира

Өлең өте керемет

Назарбай

Абай Құнанбайұлының Жастықтың оты, қайдасың өлеңі керемет

Пікір қалдырыңыз

Ғылым таппай мақтанба

  • 2
  • 20

Ғылым таппай мақтанба,
Орын таппай баптанба,
Құмарланып шаттанба,
Ойнап босқа күлуге.

Толық

Жастықтың оты жалындап

  • 1
  • 5

Жастықтың оты жалындап,
Жас жүректе жанған шақ.
Талаптың аты арындап,
Әр қиынға салған шақ.

Толық

Көк тұман — алдыңдағы келер заман

  • 1
  • 4

Көк тұман — алдыңдағы келер заман,
Үмітті сәуле етіп көз көп қадалған.
Көп жылдар көп күнді айдап келе жатыр,
Сипат жоқ, сурет те жоқ, көзім талған.

Толық

Қарап көріңіз