Өлең, жыр, ақындар

Аңсау

  • 20.01.2018
  • 0
  • 0
  • 4210
Қарайсың жанарыңнан таралып мұң,
Болар ма алшақтығы аралықтың.
Көлбеген көк мұнарың көрсетер ме,
Іздерін аңсап келген балалықтың.
Көрейін Көлденеңсу,
Көксаламды,
Айыптама,
Көз жазған кеп баланды.
Төркіндеп келген қызың мен болармын,
Алыста жүріп білген тек бағанды.
Өзіндей өзгеше жер табамын ба,
Гүлдерің майысады сабағында.
Соған да риза болып аттанар ем,
Шыңың тұрғай,
Жүрсем де табанында...
Суық қой, болмас, сірә,
Таста сезім,
Табанға көзің қиып баспас едің.
Көңілім сергіп кетті,
Көріп сені,
Мейлі, қайда болса басташы өзің!
Қыран жүр қияныңда батыл шарлап,
Биікте жүріп кімге ақыл салмақ.
Ал менің мынау нәзік жүрегімде —
Жартасыңа барабар жатыр салмақ.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Білесің жұрт мінезін аралассаң

  • 0
  • 0

Білесің жұрт мінезін аралассаң,
Қадамды қалт жібермес, жаза басқан.
Оң мен солға бұлтартпас сергек сезім,
Бас білмейтін асаудай ала қашқан.

Толық

Талықсып бір жетер ем

  • 0
  • 0

Сұрай қалса кейбіреулер тосыннан,
Хабар келіп тұра ма деп, досыңнан?
Қара кірпік, қара ормандай қозғалып,
Көз алдымда сенің бейнең тосылған.

Толық

Ақша қарда

  • 0
  • 0

Кіршіксіз
Қандай таза алғашқы қар,
(Түнеріп тау басында қалмас мұнар).
Ғажап-ау ұқсастықтар арадағы

Толық

Қарап көріңіз