Өлең, жыр, ақындар

Өшпесін тарихы қазағымның!

Ақтарып тарихтың сан қойнауларын,
Аралап батыр өткен жол бойларын.
Біліп жүргің танытып ізденісті
Тарихта баға жетпес қойнау барын.

Тарих білу-халқыңды танып білу,
Тарих білу-кеуде керіп анық жүру.
Тарих білу-нағыз қазақ болғандығың,
Тарих білу-біле білсең оңғандығың.

Тарих білу-өткенді білгендігің,
Бабалар өткен жолмен жүргендігің.
Керек қылмай жүре берсең тарихыңды
Бұл ісің елге қарсы үргендігің.

Қанмен тарар тарих ол бойымызға,
Сақталсын жадымызда,ойымызда.
Білу керек тарихты бес саусақтай,
Алаңдамай ес ішке жалтақтамай.

Сусында біліменен күннен-күнге
Тарихты білу деген үлкен жүлде.
Тарих білу міндет екен бəрімізге,
Керек десең жасымыз бен кəрімізге.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қазіргі махаббат

  • 0
  • 3

Жас жігіттің көзі түсіп аруға,
Іс қылады қалай оған баруға.
Ұнатқаны соншалық сол аруды,
Көзі менен жүректе от жануда.

Толық

Қазіргі қыз бен жігіт арасындағы диалог

  • 0
  • 0

Жігіт: Сəлем сұлу қалай екен жағдайыңыз?
Қыз:Жақсы бəрі! Неге сұрап алаңдайсыз
Сұлуым ау неге маған кей кездері
Түк мəн бермей тіпті мүлде қарамайсыз

Толық

Ақшаның буы

  • 0
  • 0

Отанын сатқан опасыз жандар көбейді,
Елімнің жолын осылар неге бөгейді.
Қарапайым халықты мынау арсыздар,
Қайдағы жоқ нəрсеге неге теңейді.

Толық

Қарап көріңіз