Өлең, жыр, ақындар

Мәуліт күні

Әлек болар барлығы таппай тыным,
Күн сәулесі шапағат,жайған нұрын.
Ең ерекше күн бүгін білесізбе?
Себебі туған күні Пайғамбардың!

Бәріміз Пайғамбардың үмбетіміз,
Оны ұлықтау біздердің міндетіміз.
Тура жолды нұсқаушы Пайғамбарды,
Жақсы көру парыз бен міндетіміз.

Жазылған өлеңім бұл жерде қалмай,
Тыңдайды мұсылман дос,жаранымыз.
Қаншама рет айтқанмен толастамас,
Сан салауат,тіпті айтқан мадағымыз.

Берік болып жүрейік дінімізге,
Шүкір айтып өткен әрбір күнімізге.
Мұсылманның барлығы туысқандар,
Қамқор болып жүрейік бірімізге.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қадір түні

  • 0
  • 0

Шүкір айтып жеттік айдың сұлтанына,
Пайғамбар нұрын шашып ұрпағына.
Жалқауланбай тілейік дұғамызды,
Мүмкін мұндай туылмас күн тағы да.

Толық

Қазіргі махаббат

  • 0
  • 3

Жас жігіттің көзі түсіп аруға,
Іс қылады қалай оған баруға.
Ұнатқаны соншалық сол аруды,
Көзі менен жүректе от жануда.

Толық

Ақшаның буы

  • 0
  • 0

Отанын сатқан опасыз жандар көбейді,
Елімнің жолын осылар неге бөгейді.
Қарапайым халықты мынау арсыздар,
Қайдағы жоқ нəрсеге неге теңейді.

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар