Өлең, жыр, ақындар

Шопанға

  • 15.01.2018
  • 0
  • 0
  • 1802
Шаңырақтай көрінген мынау аспан,
Шертеді шопан жайлы мұра-дастан.
Тұлғаңнан көрем анық хас батырды,
Қабағынан мұз еріп, қырау басқан.
Әу баста тигеннен-ақ атқа аяғың,
Дала деген кеудеңде ақты ояу үн.
Сенің мынау момақан қойың түгіл,
Дауылдарды иірер ақ таяғың.
Ойыңнан өлмес өмір оты жанып,
Көрген жоқсың бір істен қапы қалып.
Бұлбұлды сайратасың қойыныңнен,
Жер-аспанды көгілдір сахна ғып.
Алдымнан белес-белес қыр домалап,
Бір сәтіңді сезінем жылға балап.
Бұлжытпай уақытты білесің сен,
Қолдағы сағатқа емес, күнге қарап!
Жанарға талай-талай жас парлатты,
Осынау тұрғызғанша баспалдақты.
Корабль дәл қасыма қона ма деп,
Бұл күнде шопан шолар аспан жақты!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жұрт сыйлар жоқ мансабым, жоқ беделім

  • 0
  • 0

Жұрт сыйлар жоқ мансабым, жоқ беделім,
Талайды өкпелеттім, өкпеледім.
Ешкімге бақыт болып келмесем де,
Ешкімді сорлы етпесем деп келемін.

Толық

Домбыра

  • 0
  • 0

Сен сөйлесең, қай қазақ данасынар,
Шанағыңнан шулайды дара шынар.
Бүкіл әлем төріне сиып кетер,
Домбырасы бар үйдің даласы бар.

Толық

Уақыт үні миды ұрған жаңғырықтай

  • 0
  • 0

Уақыт үні миды ұрған жаңғырықтай,
Өзге түгіл, өзімді қалдым ұқпай.
Қабылдайтын болыппын салқын, бәрін
Келіп кету, өмірге заңдылықтай...

Толық

Қарап көріңіз