Өлең, жыр, ақындар

Қыс

  • 16.04.2015
  • 2
  • 51
  • 438855
Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,
Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды.
Үсті-басы ақ қырау, түсі суық,
Басқан жері сықырлап, келіп қалды.
Дем алысы - үскірік, аяз бен қар,
Кәрі құдаң - қыс келіп, әлек салды.
Ұшпадай бөркін киген оқшырайтып,
Аязбенен қызарып ажарланды.
Бұлттай қасы жауып екі көзін,
Басын сіліксе, қар жауып, мазаңды алды.
Борандай бұрқ-сарқ етіп долданғанда,
Алты қанат ақ орда үй шайқалды.
Әуес көріп жүгірген жас балалар,
Беті-қолы домбығып, үсік шалды.
Шидем мен тон қабаттап киген малшы
Бет қарауға шыдамай теріс айналды.
Қар тепкенге қажымас қайран жылқы
Титығы құруына аз-ақ қалды.
Қыспен бірге тұмсығын салды қасқыр,
Малшыларым, қор қылма итке малды.
Соныға малды жайып, күзетіңдер,
Ұйқы өлтірмес, қайрат қыл, бұз қамалды!
Ит жегенше Қондыбай, Қанай жесін,
Құр жібер мына антұрған кәрі шалды.



Пікірлер (51)

еркемай

абайдын олендери маган керек еди осы жерде коп олендер бар екен маган унады

SuL4

NiCe☝

Айнара

рахмет рахмет рахмет ризамын

сабыр

рахмет

Алдияр

Күшті өлең Абай атаның өлеңдерін жақсы көремін!!! ♥️♥️♥️♥️

жандос

рахмет маган керек ед

Перуза

Оте керемет керемет айтылган

Бауржан

Өте ұнады күшті сайт

Айгуль

Өте күшти айтылған екен

тажибаев досбол

маған өте қатты ұнады мен абаидын өлеңін қатты жаксы көремін

Айболсын

Молодец сендей адамдар болмаса нестейміз

Замира

Өте керемет өлеңдер!

Жолдасбекова Мнавара

Саған деген сезімімді умытпаймын

Алина

Өте кереметтт.

Куштйы өлеңдер❤

Маған ұнады
.

Дикоо

Кушти

Болашақ өлмесе Абайдын аты мәңгі есімізде қалады.

Дарига Оспанова

Маган осы олен унайды бирак осы дан баска кыска арналган олендер бар ма.

Әли Айерке

маған өте ұнады тамаша

СоФИЯ

Осы өлең өте керемет

СоФИЯ

керемет

каусар

керемет

Аэар

Тамаша, рахмет

Жандос

Жақсы

Жасузак Бекарыс

Кушты

Мариям Ерланкызы

Адам Кунанбаев РАХМЕТ

Мариям ❤❤❤

Өте кушті керемет маған қатты ұнады.

Nurai

Өте күшті. Как приятно

Нурай

Келеси токсанда мектепке окыганы дурыс

Керемет

Серікбаева Айсугаусар

Маған ұнады керемет екен❤

~Aiyakoz~:)

МАГАН ҚАТТЫ ҰНЫДЫ!!!!!!!

Ясин

маған ұнады өте керемет

әділ ерғали

өте керемет

Myrza

керемет

Айару Жұмабай

Өте керемет есім керемет.

Айару Жұмабай

Керемет өлендер маған ұнады.

Рүстем айару

Керемет

Айгерім

Өте керемет маған қатты ұнады

Бақнұр

Маған Абай Құнанбаевтың қыс туралы өлеңі керек еді, мен осы жерден тауып алдым, маған қатты ұнады.

Дариха

Керемет

Myrza

Өте керемет!

Махаббат

Күшті

Мақсат

Өте керемет көп көп рахмет

Аяжан

Абай Құнанбайұлының Қыс өлеңі керемет!

Нұрай

Рахмет өте керемет жаңара беріңіздер

Нұрай

Көбейе беріңіздер

Айша

Өте керемет

Пікір қалдырыңыз

Әбдірахман өліміне

  • 0
  • 1

Талаптың мініп тұлпарын,
Тас қияға өрледің.
Бір ғылым еді іңкәрің,
Әр қиынға сермедің.

Толық

Жарқ етпес қара көңілім не қылса да

  • 1
  • 4

Жарқ етпес қара көңілім не қылса да,
Аспанда ай менен күн шағылса да,
Дүниеде сірә сендей маған жар жоқ,
Саған жар менен артық табылса да.

Толық

Малға достың мұңы жоқ малдан басқа

  • 2
  • 2

Малға достың мұңы жоқ малдан басқа,
Аларында шара жоқ алдамасқа.
Табысына табынып, қалтаң қағып,
Тойғанынан қалғанын берсе алашқа.

Толық

Қарап көріңіз