Өлең, жыр, ақындар

Бейшара достық

Ел болған шақта "бауырыңмын" дей сала
Жер болған шақта селдете ме кей сана?
Иығыңнан су кеткен сәтті көрмесе
Достықтың ондай қайтейін күйін "бейшара"

Базарын бақтың тарқатар ерте,кеш адам
Екінің бірі жәдігөй, көлгір, не сараң
Жығылғаныңда бүйідей тисе бүйірден
Бауырдың ондай қайтейін хәлін "есалаң"

Ал-дал болған,кеудеңді тынбас тонамай
Айтаққа ерген,айызы қанбас "қомағай"
Серттерін қайтем сенімнің жыққан сеңгірін
Келмеске кеткен көк өрім күннің обалы-ай

Күндер ай қайран біріңді бір деп бөлмеген
Басса да жаза жанардан кетіп көрмеген
Көбісі қазір өңеші қызыл,көк айыл
Арадан бір сәт жүгірсе сөздер көлденең

Төріне достың ділгір болған есіл күн
Қырық құрау күйін кештім жесірдің
Ертеңге деген еңсесін тіктеп үміттің
Бәрін де бүгін кешірдім... Сүрінген сәтте селдете ме кей сана?
Бейқам уақыт..."бауырыңмын"дей сала
Жауырыннан жел өткен шақты көрмесе
Достықтың ондай қайтейін хәлін "бейшара" (С) Абзал Алтый 24.07.18 00:56



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз