Өлең, жыр, ақындар

Ақмыштағы кәрі ағаш

  • 04.01.2018
  • 0
  • 0
  • 1419
Алыптықты көргiң келсе,
Осы ағашты көр мықты.
Шор-шор бұтақ, терең тамыр орнықты.
Найзағайдың жебесiне шыдаған,
Көрiп зорлық, қорлықты.
Жеткен бiзге өлмей-өшпей дiн аман,
Ұғындырып ерлiктi.
(...Саяхатшысымақ бiреу таңдана,
Таңданғаны өз алдына, паңдана.
“Тарас еккен бұны да”, - деп кергiптi.
Осындайға буырқанбай, күймей гөр,
Шындық суға суарылған,
Өтiрiктi сүймейдi ел.
Туған жердiң топырағынан жаралған,
Бұлағынан нәр алған,
Мәңгi жаса, Бәйтерегiм, билей бер).
Бұтағына талай қыран жұмыртқасын шайқаған,
Бұл бәйтерек сұлап барып,
Тiк тұрыпты қайтадан.
Айдаһардың елестетер кескiнiн,
(Және оның ысылын да естiдiм),
Жiтi көзге байқаған.
Ақмыштағы алақандай осы бiр,
Оазистiң жұпарынан жұтамын.
Қызыл қала, қызыл iңiр, тұт әнiн,
Көкiрегiне қондырып,
Мүмкiн Тарас еккен болар,
Кетiктегi бағына,
(Нулы, сулы Украинасын сағына),
Кесiп алып осы ағаштың бұтағын.
Кеуде кере, кеуде кере, осы бiр.
Оазистiң жұпарынан жұтамын,
...Сақтай алмай асылдарды кеттi есе,
Бiрге көктер жасыл алқап көктесе.
Бәйтерегiм, тамызық боп бiр пешке,
Абайсызда кетпесе екен,
Кетпесе...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Аспан мұнарадан басталады

  • 0
  • 0

«Қария дария» буырқанып тасыған,
Айнымайды арулардың тарқатылған шашынан.
Білесің бе,
Біздің жақта аспан деген, жас ұлан,

Толық

Ей, адамзат!

  • 0
  • 0

Ей, адамзат!
Райхан гүлдер солмасын,
Бақыт құсын қондыратын қолға шын.
Жыламасын жарын күткен жас ана,

Толық

Олар әлі күтеді

  • 0
  • 0

Онда өртеніп бататын күн алқызыл,
Талай жанға соғыс сөнбес салды ізін.
Әлі күтіп, әлі күтіп жүр ана,
Сол майданнан оралмаған жалғызын.

Толық

Қарап көріңіз