Өлең, жыр, ақындар

Елімді әлем таниды

  • 29.12.2017
  • 0
  • 0
  • 1268
"2050" жолдауы Елбасының,
Діттегені жаңарту елдің ісін.
Əлеуметін көтеріп халқымыздың,
Толықтырып жеткізу кемшін тұсын.

Дамытып кəсіпкердің жеке ісін,
Жұмылдырып ой менен қолдың күшін.
Сақтандырып жаһандық сын-қатерден
Дəулетті,тұрақты ету елдің ішін.

Бұл мақсатта жасалды талай істер.
Белсенді жастар шықты,болып іскер.
Білім алып,кəсіби машықтанып,
Айналды ақиқатқа көрген түстер.

Болашағын бағдарлап еліміздің.
Тарихын танып білу жеріміздің.
Бабалар аманатын ардақ тұту.
Міндетті парызымыз бəріміздің.

Туған жерге туың тік,сүй Отанды!
Ұлттық кодпен таңқалдыр бүкіл жанды.
Елігіп,еріп кеткен есер жандар.
Бұл күнде құлқынының құлы атанды.

Ғаламнан ойып тұрып орын алу,
Емес ол өзгелерге ұқсап бағу.
Барыңды бағалаумен байланысты,
Өзіндік қасиетті сақтап қалу.

Білім ал,таны əлемді,жатпа босқа.
Талаптыға сыр шертер тау мен таста.
Күллі əлемге танылар сонда қазақ,
Мойындатып өз еркін дос пен қасқа.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Өмір жайлы

  • 0
  • 0

Көз жетті бүгін осыған.
Өмір теңіз ғой тасыған.
Тасыған толқынмен алысып,
Тек қана алысқа асығам.

Толық

Адасқан тағдыр

  • 0
  • 0

Сəлем, Адам, халің қалай?
Не қып тұрсың жабырқау.
Ауыр ойлар мазаласа,
Болса бəрі саған жау.

Толық

Бауыржан ата рухына

  • 0
  • 0

Бүкіл əлем отқа оранып жатқанда
Аяз қысқан қақаған қыс ақпанда
"Отан үшін алға!"-деген жігерлі үн
Қуат берді қайғы-мұңға батқанға

Толық

Қарап көріңіз