Өлең, жыр, ақындар

Бауыржан ата рухына

  • 25.12.2017
  • 0
  • 0
  • 1670
Бүкіл əлем отқа оранып жатқанда
Аяз қысқан қақаған қыс ақпанда
"Отан үшін алға!"-деген жігерлі үн
Қуат берді қайғы-мұңға батқанға

"Отан үшін отқа түссең күймейсің,
Ар жолында адассаңдар не дейсің?
Ұрпақ үшін үлгі болар із қалсын.
Арың үшін алыссаңдар өлмейсіің!

Қорқақ адам күнде өледі намыстан
Бір өледі ерлік жасап алысқан"-
Деп атамыз қуат беріп баршаға
Жетеледі көрсетіп мінез арыстан

Үлгі етіп сол ерлікті баршаға
Ұрпақтары жыр жазады жар сала.
Еске аламыз ата рухын ардақтап,
Ерліктерін айта жүріп тамсана.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Елімді әлем таниды

  • 0
  • 0

"2050" жолдауы Елбасының,
Діттегені жаңарту елдің ісін.
Əлеуметін көтеріп халқымыздың,
Толықтырып жеткізу кемшін тұсын.

Толық

Тәуелсіздік

  • 0
  • 2

Өткен күндер ізі қалып тарихта,
Өмір өзен жылжып жатыр ақырын.
Тәуелсіздік әперем деп халыққа,
Көзін жұмды небір қайсар батырым.

Толық

Өмір жайлы

  • 0
  • 0

Көз жетті бүгін осыған.
Өмір теңіз ғой тасыған.
Тасыған толқынмен алысып,
Тек қана алысқа асығам.

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар