Өлең, жыр, ақындар

Өмір

Құлазыса қиналып көңіл бір күн,
Жұбанамыз дейміз де, "өмір" мүмкін.
Жоғалтып аламыз-ау жақындарды,
Сынып кетсе бір күні сенім шіркін.
Құлатсада жолымнан өсе берем,
Сенім деген ескекті есе берем.
Басқаларды білмеймін, бірақта мен,
Бұл өмірде өзімше кеше берем.

Сағынышқа бөлесе мұңды сар(ы) күз,
Кеткім келет аралап бақты жалғыз.
Өмір-деген сынақ боп берілген ғой,
Сынақтардан өтуге келген жанбыз...



Пікірлер (1)

Қазына

Өте керемет

Пікір қалдырыңыз

Тəуелсіздік

  • 0
  • 3

Не көрмеде, не өтпеді қазағының басынан,
Сабирадай батыр қыздар қыршын кетті жасынан
Желтоқсанның сол бір ызғар, сол бір қиын күндерін...
Ұмытпаймын, ұмытпа сен сол ерлікті жас ұлан!

Толық

Тілім менің

  • 0
  • 2

Қазақ тілім мына менің тірегім,
Тілім десе соғып тұрар жүрегім.
Өз тілімді ұмыт қылсам егерде,
Айтыңдаршы несіне өмір сүремін.

Толық

Қарап көріңіз