Өлең, жыр, ақындар

Ем таба алмай

  • 15.04.2015
  • 1
  • 6
  • 40305
Ем таба алмай,
От жалындай,
Толды қайғы кеудеге.
Сырласа алмай,
Сөз аша алмай
Пендеге.

Босқа ұялып,
Текке именіп
Кімді көрсем, мен сонан.
Бетті бастым,
Тұра қаштым
Жалма-жан.

Ұйқы, тамақ
Қалды тым-ақ
Керегі жоқ іс болып.
Жай жатпағым,
Тыныш таппағым,
Күш болып.

Жас жүрегім
Жанды менің,
Жай таба алмай, япырым!
Өзің оңда
Жақсы жолға
Ақырын.

Жас теректің
Жапырағы
Жамырайды, соқса жел.
Түсті мойын,
Толды қойын,
Ақты сел.

Мен паң едім,
Бейқам едім,
Еш нәрседен қайғысыз.
Тез дерттендім,
Кейде өртендім,
Кейде мұз.



Пікірлер (6)

Ugiljon

Иә,Абай атамнің айтқаны дұрыс

Дана

Абай атамыздың өлеңдерін Жақсы көрем

Софии

Катты унады

бекзат

маған ұнады

Бекзат

Абай Құнанбайұлының Ем таба алмай атты өлеңі супер

Пікір қалдырыңыз

Құр айғай бақырған

  • 1
  • 5

Құр айғай бақырған
Құлаққа ән бе екен?
Өнерсіз шатылған
Кісіге сән бе екен?

Толық

Көңілдің күйі тағы да

  • 1
  • 1

Көңілдің күйі тағы да
Өмірсіз жанның алды ішін.
Аударды өлең жағына,
Нәпсінің сынған қайғысын.

Толық

Әбдірахман өлгенде

  • 0
  • 3

Тұла бойың ұят-ар едің,
Ескеріп істеп, ойлаған.
Тәуекелге нар едің,
Талаппен терең бойлаған.

Толық

Қарап көріңіз