Өлең, жыр, ақындар

Ақбоз ат мінген Елбасы

  • 07.09.2016
  • 0
  • 0
  • 2916
Тамшалыда… мөлдір тамшы… көп ғажап,
Тамсанбаған Тамшалыға жоқ қазақ.
Осы жерде, осы жерде халайық
Нұр-ағаға мінгізген-ді Ақбоз ат.
Кенет… тосын бір іс болды ақылды,
Елжіреткен алыс, туыс-жақынды.
Оқыранды иесін күткен Ақбоз ат,
Елбасы оған салған кезде тақымды.
Алып ұшты Елбасыны жыраққа-ай,
Қос қолтыққа қанат біткен пырақтай.
Әулиелер Нұр-ағаны аймалады маңдайдан,
Аңызақ боп,
Ақ сағым боп құлатпай.
Кең далада келеді ғой желпінгің,
(Ақбоз атты патша дала көркің бұл.)
Сәнді сарай тамаша ғой, сонда да,
Кең далада тыныстады ол еркін бір.
Енді ешкімге жалтақтаман тұрмыста,
Алдымызда жарқын мақсат – тұр нұсқа.
Тұлпар мініп дала даңқын асырған,
Атилла да,
Темірлан да,
Шыңғыс та.
Қандай жұмсақ еркіндіктің самалы…
Кеуделерге бірлік отын жағады.
Емін-еркін төрт түлігің жайлауда,
Бұлақ қырда емін-еркін ағады.
О, Жаратқан! Бізді де бір қолдашы,
Болсын оның – қыдыр-ата жолдасы,
Естисің бе, естисің бе, ей, қазақ,
Атқа мінді, атқа мінді Елбасы!
О, Жаратқан!
Бізді де бір қолдашы!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Досым, саған, сыр айтам, сырым бұл деп жыр айтам

  • 0
  • 0

Ортасында тілек-назым құпталған,
Достар, достар, құшақ жайып шықты алдан.
Шын достықтың орны өмірде ерекше,
Достар үшін жан беремін керексе...

Толық

Мына жанар тылсым ғой, жанар емес, япыр-ау

  • 0
  • 0

Мына жанар тылсым ғой, жанар емес, япыр-ау,
Көріп тұрып күрсінбей болар емес, япыр-ау.
Төңкерілген қос күмбез сиқырлаған өзіне,
Төсіңдегі қос анар, анар емес, япыр-ау.

Толық

Біреу армандайды

  • 0
  • 0

Біреу армандайды,
Көп бөлмелі үй салсам,– деп.
Біреу армандайды,
Машина сатып алсам, – деп.

Толық

Қарап көріңіз