Өлең, жыр, ақындар

Әкеге тілек

  • 26.08.2016
  • 0
  • 0
  • 22447
Ұл-қызының сезінумен арманын,
Ойлайтұғын әке асқар тау жан-жағын.
Қуанышпен құттықтаймыз бүгін біз
Әкеміздің 63-ке толғанын.

Әрбір белес, әрбір асу, ол - бір із,
Қашанда да жақсылыққа сендіңіз.
Өмір жолда бізге өнеге, үлгі боп,
Міне, Сіз де 63-ке келдіңіз.

Жүрді ме өмір перзенттерге алаң ғып,
Бір біз үшін әр кезде, Әке, бағаң нық.
Сан жолдарды көрсетті ме сізге ыстық -
Темір тұлпар тізгіндеткен мамандық.

Ақтара алсақ ақ тілектің сандығын,
Шаттық ойнап атсыншы аппақ таң бүгін.
Құтты болсын, Әке, туған күніңіз,
Тілейміз біз жан мен тәннің саулығын!

Өткен шақтан қалды сізге бүгін із,
Сәтті күндер болсын әрбір күніңіз.
Балалардың қызықтарын қызықтап,
Ортамызда аман-есен жүріңіз!

Ұға алғанбыз әке асқар тау еңбегін,
Болмасыншы отбасында, елде мұң.
Қуанышпен құттықтаймыз бүгін біз
Әкеміздің 63-ке келгенін.

Биік, Әке, сіздің бізге бағаңыз,
Әр белестен, әр асудан қалады із.
Құттықтайды бүгін Сізді ұлыңыз,
Қос қызыңыз және күйеу балаңыз.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ару-сезім

  • 0
  • 0

Сезім жолы ұғынғанға сыналу,
Сыңарының сырын іштей ұға алу.
Махаббатты жалған деді біреуі,
Сол жайлы жыр жазшы деді бір ару.

Толық

Әке ғой қашанда анық асқар тауың

  • 0
  • 0

Айтылып жүректердің иманды әні,
Мол болсын тағдырдың да сыйлар бағы.
Шаттығын шаңырақтың бөлісуге
Тілекші ел отыр тағы жиналғалы.

Толық

Мұғалім

  • 0
  • 2

Даналықтың ұстаз боп жалғап ісін,
Еңбек еттің балауса арман үшін.
Сен - ертеңгі бәйтерек болашақтың
Бүгінгі күн тер төккен бағбанысың.

Толық

Қарап көріңіз