Өлең, жыр, ақындар

Ару-сезім

  • 27.08.2016
  • 0
  • 0
  • 9326
Сезім жолы ұғынғанға сыналу,
Сыңарының сырын іштей ұға алу.
Махаббатты жалған деді біреуі,
Сол жайлы жыр жазшы деді бір ару.
Табылмаса жүректердің гүл емі,
Өмір қиын, оны жұрттар біледі.
Жалғыздығым қиын десті ал бірі,
Бақыттымын деп қуанды біреуі.
Жомарт болсаң, жорғаңды да бер түсіп,
Нағыз адам - адам екен ең кішік.
Өкініші мен қуанышы өмірдің
Қашанда да жатады екен тең түсіп.

***

Сен оны кiнәладың ба,
Сезіміңе лайық жауап бермегені үшін,
Кездесер сәтте күттіріп келмегені үшін.
Сен оны кешірдің бе,
Арамыздағы сезім әлі-ақ жанады деп,
Ертен-ақ бәрі жақсы болады деп.
Жүрегің махаббат дүниесіне сенгенде,
Сезім күніңнің бірі шуақ, бірі түн.
Ал оны бүгін басқа қыздың жанынан көргенде,
Үзіліп түсті-ау үмітің.
Қыз жүрегіңді өкініш бұлты сенделткен,
Келместей қайта таң күліп.
Талай көңілдердің жарасын уақыт емдеткен,
Өмірдің өзі - заңдылық.

***

Айту сенің міндет пе есіміңді,
Жігіттер көп қаға ма есігіңді.
Өйткені олар сұлулық тұтқыны ғой,
Ал сұлуға бәрі де кешірімді.
Оларда сезім оты маздаған-ды,
Сазгер болса, сен жайлы жазбақ әнді.
Ақын болса, сен жайлы жырлар еді,
Қу қыз-ай, сен білесің өз бағаңды.
Жүзіңде болмай кезің нала тұнған,
Самғасын арманыңның қанатында ән.
Еркелеп қал, өйткені мына өмір
Дәл қазір тек сен үшін жаратылған.
Сен үшін қазір құрбы, дос алаң-ды,
Анаң бәрін сен үшін жасаған-ды.
Сақтап қал да осынау еркелікті,
Болашақ күліп атта босағаңды.

***

Болмаса егер махаббат, бақыт қайдан жаралмақ,
Деп едің ғой жиырмаңда - өмір
солай қаланбақ.
Бес жыл өтті арада, елегізіп қыз жүрек,
Жиырма бесте күттің сен бақытыңды алаңдап.
Болмаса егер махаббат, келер саған қайдан бақ,
Деп едің ғой жиырмаңда - адам солай ойланбақ.
Ал отызды бір күні тойлап тұрып, құрбыға
Әзіл айттың мен биыл бақ табам деп жайраңдап.
Уақыт өтті, тіршілік баяу ғана ағады,
Ойлантады қыз тағдыр бауырды да, Ананы.
Қалыпсың-ау сен биыл отызды да орталап,
Кештеу келген бақыттың дәмі тәтті болады.

***

Махаббат боп жаныңды жалын құшқан,
Өртенердей жүрегің алып-ұшқан.
Сағын, сағын, қайтесің, мына өмір
Жаралған ғой сап-сары сағыныштан.
Көрінерсің оған да сен бір елес,
Деме оны ешқашан сендік емес.
Сағыну да біреуді ұлылық қой,
Сағынбаған ешкімді ерлік емес.
Адам кейде бәріне таңданбады,
Пенде солай төзімді жан болғаны.
Сағын, сағын, өмірде сағына біл,
Сағынғаның - жүрегің бар болғаны.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Түлек әні

  • 0
  • 0

Өмір легі міне өзгерді,
Бойға ыстық жалын тараған.
Қанат қағып ұшар кез келді
Қымбат, жақын мектеп-анадан.

Толық

Отыз жыл болды ұядан ұшқан күнге

  • 1
  • 2

Отыз дейтін шамшырағы тұр өрде,
Дегендей-ақ өткен жолды түгенде.
Кеше олар іні болып еді баршаға,
Өздері енді аға боп жүр біреуге.

Толық

Ұстаздың ұлағаты

  • 0
  • 1

Әр сабағы болып өтіп тағылым,
Әр шәкірттің оятатын танымын.
Мейлі, есейіп кетсе де сол ұл-қызы,
Санасында жүре берер әлі күн,

Толық

Қарап көріңіз