Өлең, жыр, ақындар

Жанымда жүрші

  • 15.07.2016
  • 0
  • 2
  • 46972
Жанымда жүрші
аласармайтын армандай асқар тауым боп,
шілдедегі аппақ жауын боп.
Сенімен жүрсем -
мынау жалғанда мен көтермейтін ауыр жоқ,
бет қаратпайтын дауыл жоқ.
Сенсіз күндерім;
бұлыңғыр күнгі көңілсіз күңгірт екенді.
Сезбей-ақ күннің шуақ сәулесін,
жұпар самалды не түнгі,
өмір кешетін сонда да мәз боп өкінбей
ойсыз байғұстар секілді...
Жанымда жүрші
көңілімнің арай рауандап атқан таңы боп,
кіршік шалмаған менің әжемнің ары боп.
Күйдіре түсетін өзімшіл мына жүректі
сендегі сөнбес жалын от.
Әйтеуір, осы тірлік дегеннің мен үшін
өзіңсіз ешбір мәні жоқ.



Пікірлер (2)

Әлия

Керемет менің жанымды оқығандай өте әсерлі

Айсулу

Фариза анамыздын. осы өлең шумақтары қандай керемет Әйел мен еркектің арасындағы сезім. Екеуі бір тұтас осы жараткан Жерде бір бірін табу және соңгы сек дейің бір біріне ықыласпен өмір суру Ол нағыз бақыт Бул жерге біз бір бірімізді табуға келеміз. яғни Инь и Янь или махаббат Керемет. Фариза анамыздын жаткан жері жарық болсын.
Керемет бөлек жандар ғой❤️

Пікір қалдырыңыз

Қызғаныш пен зұлымдық

  • 0
  • 0

Қызғаныш пен зұлымдық –
бақытсыздың құзыры.
Серігі сол ғұмырлық,
жоқтай өзге қызығы.

Толық

Тағдыр жайлы, ел жайлы, қаза жайлы

  • 0
  • 0

Тағдыр жайлы, ел жайлы, қаза жайлы,
өмір жайлы, дос жайлы жаз арайлы,
жақсы, жаман ойлар кеп оңашада
маған тыным бермейді, мазалайды.

Толық

Мен де солдат болар ем...

  • 0
  • 0

Жауынгер боп Асқар ағам
өткен жылы кетіп еді.
Суретінде хатқа салған
шаттық толы көкірегі.

Толық

Қарап көріңіз