Өлең, жыр, ақындар

Мен де солдат болар ем...

  • 23.02.2022
  • 0
  • 0
  • 724
Жауынгер боп Асқар ағам
өткен жылы кетіп еді.
Суретінде хатқа салған
шаттық толы көкірегі.
"Барады елден жеке мүлде,
не күтіп тұр жырақта алдан?" –
Әжем Асқар кетерінде
осылай деп жылап қалған.
"Тыныштықта жаман ырым
бастама,— деп ұрысты атам,-
ел қорғауға барады ұлың,
жоқ па одан да дұрыс батаң?!"
Көз алмадық бәріміз де,
киімі де қатқан қандай!
Күлімдеп тұр, әне, бізге
солдатпын деп мақтанғандай.
Атам айтты: "Асқаржаным,
солдат бопсың, жарадың!"— деп.
"Жоқ,— дейді әжем,— басқа арманым
аман жүрсе қарағым",— деп.
Апам орны басқа, бірақ
қуанды іштей о да керім.
Өссем екен шапшаңырақ,
мен де солдат болар едім…
1973



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Елес

  • 0
  • 0

Жаз. Жайлау. Көлбейді алыс бел керіліп,
Қарасаң кернейтіндей кеудені үміт.
Еңкейіп жерге үңілген көк аспанның
алқасы тұр қол созым жерде ілініп.

Толық

Тағдырмен кездесу

  • 0
  • 0

Билеп жүрдік. Жанарыңыз
қадалады.
Жазық маңдай,
неткен сұлу жамалыңыз,

Толық

Қыр келбеті

  • 0
  • 0

Сеңсең тон, саптама етік, түлкі тымақ,
тазы ертіп аңшы шықты, бүркітін ап.
Омбы қар. Қыстау маңы жайбарақат.
Қарайды айналаға Күн шытынап.

Толық

Қарап көріңіз