Эссе және өлең-жыр байқауы

Ана

  • admin
  • 09.07.2016
  • 0
  • 5
  • 19239
Уайым жеп біз үшін алаңдады,
Болсын дейді өмірде саған бәрі.
Сенде болсын дейді ол бар жақсылық,
Қандай жақсы өмірде анаң бары.

Мейірімі оның ұқсайды таң нұрына,
Ерітетін әлдиі жанды мына.
Күлкісінде шаттық бар сәби көрсең,
Қуан, Адам, анасы барлығына.

Анасы бар сәбидің "ұлым!" дейтін,
Соны ойласа, жанары күлімдейтін.
Отыратын жан ғой ол тәлім айтып,
Бесіктен-ақ соны өзің ұғын дейтін.

Анасы бар сәбидің "қызым!" дейтін,
Бақыты да сонымен үзілмейтін.
Бір кездегі болмысын содан көріп,
Жымиятын, сол үшін көз ілмейтін.

Анаң бары жақсы ғой "балам" дейтін,
Қолда бардың барлығы саған дейтін.
Хабарыңды беріп тұр, қарашығым,
Сені ойласам - көңілім алаң дейтін.

Анаң бары жақсы ғой "ботам" дейтін,
Көз ілсем де, сені ойлап жатам дейтін.
Сен ауырсаң, құлыным, бұл тірліктің
Кермек дәмін алдымен татам дейтін.

Баланы ойлап, тілейтін соның бағын,
Соның бағы шырақ боп жағылғанын
Қалайтұғын ана ғой қашанда да,
Перзент үшін жақсы екен Сенің барың.

Тіршіліктің таратып содан бәрін,
Мына өмірдің сіңірді саған нәрін.
Ол күн сайын сен жайлы мың толғанар,
Сен де ойлай жүр күніге анаң барын.

Басқа да өлеңдері

Қожабақы мектебі

  • 0
  • 1

Бойында ұлылықтың жатқан ізі,
Келешек ғасырға да мақтан - ісі.
Шуақты, шежірелі тарихы бар
Мектебім - ауылымның мақтанышы.

Толық

Шәкіртке төгеді ылғи жан шуағын

  • 0
  • 0

Білімнің төгілтеді нәр бұлағын,
Жауапсыз қала қоймас әр сұрағың.
Біледі қоғамы әр кез мұндай жанды -
Қастерлі, қасиетті ол - мұғалім.

Толық

Өз тілінің болғаны қандай жақсы...

  • 0
  • 0

Шексе де азап, жатса да ол көріп те мұң,
Қасиетіне қашанда сеніпті елім.
Өз тілімнің бағасын ұлық көрем,
Өзге тілді емес ол кеміткенім.

Толық


Пікірлер (5)

Аружан

Өте керемет әрқашан да өлеңді қисынды аяқтауға болатынын атап өтті

Аида

Бұл өлең маған қатты ұнады. Сөздері бір біріне ұйқасып тұр. Керемет! Ақын деген осындай болсын.

Арайлым

Мен бұл өлеңді жаттап алдым.дəл осы өлеңді күні 2 сəуір жарысқа жаттаймын.өзіме сəттілік

нұрила

Өте керемет өлең шумақтары маған қатты ұнады

Жанси

Оте керемет оте асерли, ары карайда осындай каркынмен жалгастыра бериниз саттилик

Пікір қалдырыңыз

Серіктестер

Загрузка...