Өлең, жыр, ақындар

Анашым

  • 02.05.2016
  • 0
  • 1
  • 4303
Анашым менің жаны асыл,
Қызыңа әркез панасың.
Түн ұйқысын төрт бөлген,
Бәрінен маған дарасың.

Жанымда аман жүре бер,
Ананың жолын біледі ел.
Ақ сүтіңмен нұрланып,
Қырмызы қыз боп түлегем.

Ақ жаулықты ақ анам,
Өзіңді жүрем паналап.
Сыйладың өмір шаттығын,
Өзіңсің менің бақ-гүлім.

Ақ сүтің мен берілген,
Өлеңмен өмірім өрілген.
Алладан тек бір тілерім,
Аман болсыншы сыр елім.

Таза да тұнық жүрегің,
Қамқоршым өзің,тірегім.
Өзіңмен ойнап-күлемін,
Жүз жасқа кел соны тіледім.



Пікірлер (1)

Мако Мико

Маған ұнады

Пікір қалдырыңыз

Шардара

  • 0
  • 3

Шардарам, менің, Шардарам,
Ақындар жырын арнаған.
Сұлулығыңа тамсанып,
Әншілер талай ән салған .

Толық

Табиғатым

  • 0
  • 3

Табиғат мынау тұнған бақ,
Жаратқан Алла бізге арнап.
Желегін жасыл жел тербеп,
Құлпырған қырда қызғалдақ.

Толық

Елбасымен әрдайым біз біргеміз

  • 0
  • 1

Қолдамасақ Нұрсұлтандай Елбасын,
Елдігімізге біле білсек ол да сын.
Референдум алда тұрған жақсы өтіп,
Президентті Қыдыр Ата қолдасын.

Толық

Қарап көріңіз