Өлең, жыр, ақындар

Шардараның іргетасын қалаған Ауданымыздың құрметті азаматы Тәңірберді Ағманұлы атама арнаймын

  • 02.05.2016
  • 0
  • 0
  • 2548
Жүрегі кең әрқашанда жаны адал,
Ел еңбегін ерлікке оның балаған.
Өзіңізді құрметтейді қалың жұрт,
Шардараның ірге тасын қалаған.

Басқарған соң ардагерлер кеңесін,
Көмек беріп оларға шын келесің.
Құдай қолдап ісіңізді әрдайым,
Алла өзі қолтығыңнан демесін.

Асса да жетпіс жастан ата сіздің ғұмырың,
Нықтап жүрсіз Тәуелсіздік тұғырын.
Егемендік – ел мерейі білгенге,
Бостан болу әрқашанда ұлы ұғым.

Үлгі беріп өнегеңмен жастарға,
Шардараны шарықтаттың аспанға.
Әлеуеті ауданның бұл бүгінгі,
Сіздер салған соқпақтардан басталған.

Құрметтісіз аудандағы белгілі,
Мақтанышпен айтып жүрер ел мұны.
Ұл-қызың мен немереңе бұйырсын,
Абыройың асқақтаған ендігі.

Ерлік ісің ел есінде сақталып,
Жүре бергін ұлы істерді атқарып.
Есіміңді ел үлгі - өнеге тұтса егер,
Біз жүрейік сыртыңыздан мақтанып.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Мұқан ағайға

  • 0
  • 0

Қажымұқандай денелі,
Мақтайды сізді деп елің.
Интернатқа басшы боп,
Жемісін еңбек көре біл.

Толық

Тұрсынбек ағама

  • 0
  • 0

Табиғат сыйғып берген дарын барда,
Шығар шың, алар асу жақын маңда.
Тынымсыз еңбек етіп, тер төккенсоң,
Танылдыңыз КВН-мен қалың жұртқа.

Толық

Астанам - бас қалам

  • 0
  • 7

Еске алсам айбарымды - Астананы,
Төл рәміз-содан тек басталады.
Төрткүл дүние түгелдей таныды ғой,
Қазаққа болған қазір бас қаланы.

Толық

Қарап көріңіз