Өлең, жыр, ақындар

Астанам - бас қалам

  • 02.05.2016
  • 0
  • 7
  • 13463
Еске алсам айбарымды - Астананы,
Төл рәміз-содан тек басталады.
Төрткүл дүние түгелдей таныды ғой,
Қазаққа болған қазір бас қаланы.

Қазағымның қашанда асқақ әні,
Астананы айшықтар жастар әлі.
Салып берген Нұрағам нұрлы жолмен,
Болашағым бүгіннен басталады.

Көкорай шалғын,көк белді,
Еске алсаң сонау өткенді.
Қазағым менің қайысып.
Қиыншылық бастан көп көрді,

Өткеннің енді бәрі артта қалды.
Жырлайын Астананы,бас қаланы,
Ертеңім бүгінімнен басталады,
Елімнің мақтанышы-асқақ әні.

Астананың шырқалсын асқақ әні,
Өзіңде туып-өскен жастар жалын.
Ертеңі кемел елдің келешегі,
Ертеңім бүгінімнен басталады.



Пікірлер (7)

adambai asanov

жаман емес

Майя Джумашева

Менің пікірім мынандай сіз өте жақсы шыгаргансыз өлеңді маган ұнады

Аяру

Мен 11 сыныпта оқимын. Жасым 14 те мен қазір әсет бейсеуов мектебінде оқимын. Менің туған жерім Алматы облысы Жамбыл ауданы Қарғалы ауылы. Менің пікірім мұның бәрі керемет. Маған бұның бәрі өте қатты қатты қатты қатты ұнады. Осы өлеңдеріңіз үшін рахмет. Маған осындай өлеңдер керек еді. Мен осы өлеңдеріңізге ризамын. Сіздерге тағы да рахмет айтқым келіп тұр. Көп көп рахмет сіздерге . Мен осы өлеңдерді жаттау арқылы қазақ тілі пәнінен 5/5 алдым.Мен сіздерге шын жүректен рахмет айтамын. Шын жүректен рахмет.

Аяру

Жаңа жаздык ғой мен сол пікірім ұнайды

Айша

Норм

Myrza

Өте керемет!

Myrza

Өте керемет!

Пікір қалдырыңыз

Ақтығыңды асыққын білдіруге

  • 0
  • 0

Қор болмаспын қорғаныш-құдайым барда,
Тартпашы енді тәңірім, лайыңды алға.
Күнәмді кешір білген де, білмеген де,
Бір өзіңнен бір медет сұрайын да Алла.

Толық

Көп еді, аға, арманыңыз

  • 0
  • 0

Өлмес ғұмыр кештің ұзын,
Әнге қосып, көш қызығын.
«Көш керуенге» сіз бастаған,
Ұрпақтарың ілесті бүгін.

Толық

Жан әкем

  • 0
  • 1

Әкешім, жүзі жарқын, ашық күлген,
Пернесін кім жүректің басып білген.
Содан бері сізді ойлап мазасызбын,
Содан бері өзіңді, іздеймін мен.

Толық

Қарап көріңіз