Өлең, жыр, ақындар

Жақсы мінез

  • 19.03.2016
  • 0
  • 0
  • 8985
Жақсы мінез жан азығың әрдайым,
Жақсы болсаң жарқырайды маңдайың,
Жаман мінез індетіне тұтылсаң,
Оңа қоймас бұл жалғанда жағдайың.

Етсең егер тәкаппарлық, менмендік,
Жоқ қой сірә бұдан асқан төмендік.
Бидғат, рия, фитна-бүлік еткендік,
Барлығы да құрыдымға кеткендік.

Кісі жайлы жаман ойлап міндеме,
Хасед етіп ешкімді де күндеме,
Ғайбат өсек жайып күнә жиғанша,
Бос сөйлеме, тіліңді тый үндеме.

Байсалды бол дереу ашу шақырма,
Сөз таласып салғыласып сарқылма,
Демі қысқа екі күндік дүниеде,
Күнә істеп несібеңді тар қылма.

Қабақшытпай күлімдеп жүр күлімде,
Қиындықта сабыр сақта түңілме,
Мұсылмандық - жылы шырай жылы жүз,
Жылы сөзбен елжірейді көңіл де.

Жақсы мінез жанашырың жалғасың,
Ғылым үйрен, оқудан көз талмасын,
Заман тұрмас қадірін біл уақыттың,
Бүгінгі іс ертеңгіге қалмасын.

Жақсы мінез сарқылмайтын қазына,
Қанағат қыл қолыңдағы барына,
Өкінішпен қайғы келмей тұрғанда,
Ғибадат қыл парызыңды орында.

Адамдарға жаса жақсы мәміле,
Разы болсын сенен жас та кәрі де,
Араздаумен кек сақтаудан аулақ бол,
Қапа қылма ешкімді де ренжітпе.

Жақсылықты өн-бойыңа жиғайсың,
Қылмыс атты жұттан аулақ тұрғайсың,
Дініміздің ізгілігін паш етіп,
Адамдарға жақсы үлгі болғайсың.

Ислам діні көркем мінез бұлағы,
Әділетпен ізгіліктің тұрағы,
Дінисламның үкіміне мойынсұн,
Маңдайыңа бақ-береке тұнады...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Тыйылайық өсектен

  • 0
  • 0

Ұзақ тұрмас ғимарат негіз салса кесектен,
Адал болмас бас қосу шешім шықса өсектен,
Өзі жоқтың көзі жоқ жамандасаң кезекпен,
Әдет қылсаң ғайбатты парқың болмас есектен.

Толық

Ешкімді ренжітпеңдер

  • 0
  • 0

Абдуллаһ бин Мубарек, әулие, ғалым, хазірет
Шәкірттерін шақырып айтты мәнді өсиет;
Ешкімді де ренжітпей тигізбеңдер қасірет,
Осы сөзді әрбірің құлағыңа тиек ет

Толық

Өмір жолы

  • 0
  • 0

Өмір деген тылсым жол, таусылмайтын сырлары,
Белең алар бұл жолда, сан алуан қырлары,
Өткелі көп, баршылық, құздарымен шыңдары
Аяқ бассаң аңдамай, жетерлік өмір сындары

Толық

Қарап көріңіз