Өлең, жыр, ақындар

Өмір жолы

  • 19.03.2016
  • 0
  • 0
  • 7616
Өмір деген тылсым жол, таусылмайтын сырлары,
Белең алар бұл жолда, сан алуан қырлары,
Өткелі көп, баршылық, құздарымен шыңдары
Аяқ бассаң аңдамай, жетерлік өмір сындары

Жолдың басы жастық шақ, соңы қабір мазарат,
Біреуге қабір толған от, ал біреуге толған бақ,
Бақ жолының бастауы, Ислам діні, хидаят,
Нәсібі бар жолаушы нәрленеді жақындап,

Өмір жолы ол сынақ, шыңдайтұғын адамды,
Бейнеті де бары хақ, бейнетсіз ниғмет болмайды,
Тіпті мектеп баласы да, күн түн демей алдағы,
Емтиханды өту үшін дайындығын қамдайды.

Өмір жолы егістік, еккеніңді оратын,
Таңдау, талдау, сан шешім қабылдаудан тұратын,
Ексең егер жақсылық, бақыт құсы қонатын,
Жаман болса амалың, мәңгі азап тұнатын.

Өмір жолы дария уақыт ағыс сарнаған
Адам кеме ондағы ағысында самғаған
Өкініші өткеннің кеудені жеп жалмаған
Үміт берер ертеңге мұрат мақсат сан арман

Өмір жолы өте қысқа, мәңгі болмақ ахірет,
Қапы қалып ақиқаттан тартып жүрме қасірет,
Ата-анамен ұстазыңның батасын ал, қыл құрмет,
Біліп білмей жасап қойған күнәларға тәубе ет!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Хикмет

  • 0
  • 0

Мал-мүлікке табынғандар өлетінін білмей ме,
Байлығының бәрін тастап қара жерге кірмей ме,
Құл ақысын жегендердің ажалдары келмей ме,
Ахиретте амалдардан Хаққа есеп бермей ме,

Толық

Тасқа айналған нан

  • 0
  • 0

Бір бай әйел ертеде, ханшадай ғұмыр кешеді,
Қызметшілер жүгіріп, асты-үстіне түседі,
Азық толы қоймалар, бейқамсыз күндер өтеді,
Сараңдықта алайда, шырқау шыңға жетеді.

Толық

Ешкімді ренжітпеңдер

  • 0
  • 0

Абдуллаһ бин Мубарек, әулие, ғалым, хазірет
Шәкірттерін шақырып айтты мәнді өсиет;
Ешкімді де ренжітпей тигізбеңдер қасірет,
Осы сөзді әрбірің құлағыңа тиек ет

Толық

Қарап көріңіз

Пікірлер