Өлең, жыр, ақындар

Мәди

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 4120
Атыңнан айналайын, Қарқаралы,
Сенен бұлт, менен қайғы тарқамады.
Мәди.
Мәдидің Мәліксайда моласы бар,
Бір соқпай кетпейді оған жолаушылар.
Білмеймін қадап кеткен қанжары ма,
Тік өскен Бұғылыда сонау шынар?
Астасқан алғы үміті, мұңы елімен,
Айқасқан қайран батыр мың өліммен.
Құлапты Қарқаралы құшағына,
Қан саулап оққа ұшқан жүрегінен.
Қан қатып қара жерге сауыс тұрып,
Шулапты қарағайлар дауыс қылып.
Әрбір шың Мәди болып сескендіріп,
Қашыпты қара түнде жау ышқынып.
Халқына тиген талай қайырымы,
Құлаған қызыл арай ақ иығы,
Тауларын Қарқаралы күңірентіп,
Тұрады баяғыша Мәди үні...
«Атыңнан айналайын, Қарқаралы,
Сенен бұлт, менен қайғы тарқамады.
Сайыңда сайғақ құрлы сая таппай,
Мен болдым бір сорлы жан Арқадағы...»
Мәдидің Мәліксайда моласы бар,
Бір соқпай кетпейді оған жолаушылар.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Соғыс — сойқан

  • 0
  • 10

Қараңғыда көрген жоқ оны ешкім де,
Келе жатты ұрланып соғыс түнде.
Келе жатты ол қап-қара, бүйі болып,
Жолбарыс боп жалаңдап жол үстінде.

Толық

Туған жерім, ыстықсың

  • 0
  • 1

Туған жерім, ыстықсың сен бір түрлі,
Бәрі таныс, бәрі маған сүйкімді.
Өзеніңмен бердің маған күлкіңді,
Өлеңіңмен бердің маған мың тілді,

Толық

Қаныш туралы екі өлең

  • 0
  • 1

1. ЕСКЕРТКІШ
Батты балқып дала мұнға
Бір кездегі өз сырласы.
Көздердің тұр жанарында

Толық

Қарап көріңіз