Өлең, жыр, ақындар

Сәлем, баку

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 2388
Сәлем, Баку, қаламсың
Өмірімде болмаған.
Құшағыңа аларсың,
Көңілімде жоқ алаң,
Низамиден жыр ұққан
Сәлем саған Абайдан.
Тойыңа кеп тыныққан
Сәлем Қасым ағайдан.
Жалындаған жаныммен
Үлгіре алмай жатырмын,
Сәлем, саған алдымен,
Жұмысшысы Бакудың.
Қара түнде атылған
Жиырма алты комиссар,
Қазақстан халқынан
Мен әкелдім, алғысты ал.
Сәлем, Баку түндері,
Ойнап жатқан отпенен.
Сәлем, Баку гүлдері,
Жаз айында көктеген.
Сәлем, Баку ұл-қызы,
Өлеңде жоқ шекара.
Сәлем, Каспий теңізі,
Толқындары көкала.
Ән салғанда тауда су,
Күй шертеді даласы.
Сәлем, саған жан Баку,
Ақындардың қаласы,
1956



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ағайынды екеу

  • 0
  • 0

Арыңа жүгін туыс, қайран бауыр!
Алысқан сертіңді сен ұмыттың ба?
Жыл бұрын достық құрған қайда дәуір,
Кетті ме, арамызды суытты да.

Толық

Шопан тойында

  • 0
  • 0

Шопаным! Доссың сен бізбен,
Өзіңе аян ой-сырым.
Өлеңді жайып өргізген
Өзіңдей менде қойшымын.

Толық

Мүгілсін

  • 0
  • 0

Жүзің қызыл шырайлы,
Қарындасым Мүгілсін.
Боянбауың ұнайды,
Боянбай-ақ сұлусың.

Толық

Қарап көріңіз