Өлең, жыр, ақындар

Бақанас, Байқошқардың көп сабазы...

  • 14.04.2015
  • 1
  • 1
  • 10737
Бақанас, Байқошқардың көп сабазы
Жиып ап қыран бүркіт, жүйрік тазы,
Еңбекші ұйым болмай, аңшы болып,
Ойда жоқ бидай менен шөптің азы.

Аңшылық – біраз күндік көңіл назы,
Мұныңа болар ма екен ақыл разы.
Көп ел жүр малын қойып, жанын тілеп,
Махшарда құрылғандай тас таразы.

Сендерге батпайды оның қайғы-назы,
Боп жүрсің, айдын көлдің қоңыр қазы.
Таусылып аздан кейін азықтары,
«Шығар,– деп зарлап жүрме,– қашан жазы?»

Аңшылық әуелінде қандай тәтті,
Еркіндік, кім жек көрер салтанатты.
Бұл күнде қоңлы тұғыр табылса да,
Аздан соң желдіктерсің жауыр атты.

Айтпаймын сөгейін деп азаматты,
Дей көрме: «мұны осы шал неге шатты».
Салынбай біржолата аң қуғанға,
Еңбек пен ескере жүр қанағатты.

Толғанып ақын айтар әрбір затты,
Сөзімнің іші жұмсақ, сырты қатты.
«Алпыс жыл аңшы болып алжыған шал,–
Дейсіңдер,– бізге айтады насихатты».

Ойласаң, біздің заман мұнан жат-ты,
Ол дәурен ойран болып, құмдай батты.
Жұмысы бұл уақыттың – адал еңбек,
Заманың көтермейді бұл саясатты.



Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз

Сөз сынап, өлең өлшемен

  • 0
  • 1

Сөз жазамын түнімен
Бар ұйқымды қашырып.
Тығып қойман мұны мен
Еш адамнан жасырып.

Толық

Ақыл деген өлшеусіз бір жарық нұр...

  • 2
  • 5

Ақыл деген өлшеусiз бiр жарық нұр,
Сол нұрды тән қамы үшiн жан жұмсап жүр.
Тағдырдың қиын, сырлы сиқырымен
Жан тәнге, ақыл жанға матаулы тұр.

Толық

Махаббат пен құмарлық

  • 3
  • 1

Ашылған көз тұра ма бiр зат көрмей,
Миға хабар бермей ме түсi өзгермей.
Әдейiлеп көрейiн демесең де,
Қарсы алдыңа қоя ма түк кез келмей?

Толық

Қарап көріңіз