Өлең, жыр, ақындар

Апама ұқсайсың

  • admin
  • 22.04.2024
  • 0
  • 0
  • 51
Ойыңнан сенің қайғырам,
Жырыңды оқып түңілем.
Аппақ жаныңды парақтап,
Кітап жүзіңе үңілем.
Қақтығысады сезімдер,
Жанарлардың жолынан.
Апамның әжім саусағын,
Мұңыңның көрем қолынан.
Кірпігің әнтек қозғалар,
Құлатып алмай моншағын.
Түнге ұқсаған көзіңнен,
Әкеткен Айды сонша кім?
Қоңыр сағыныш төселген,
Күзге де жаяу жетіпсің.
Апамның жасыл көйлегін
Көктемге шешіп кетіпсің.
Жауады көздің жаңбыры,
Жанымның күзін шайып-ап.
Жүрегің, сезем, жылап жүр,
Ағарған шашын жайып-ап.
Мұңаймасын деп терезең,
Ай күзетшісі жүр тұғын.
Апамның ине, жібімен,
Жүректің тікші жыртығын.
Құстардың мұңын естимін,
Үніңнен діріл, сөзіңнен.
Апамның мұңлы жанарын,
Көремін қара көзіңнен.

Бұл ғұмырыма жетердей,
Көзіңнен сәуле тарады.
Жүзіне ұқсап апамның,
Қартайып жаның барады.
Қоңыр аруды босатшы,
Дертіңнен бір сәт, түн, айық!
Апамдай сен де қарайсың,
Ақшамға неге мұңайып.
Соры көбірек расында,
Сезімнің шаттық бағынан.
Бетінен иіскеп апамның,
Балалығымды сағынам.
Мұң сүйді сенің көзіңді,
Қара шидемін түн киді.
Орамалынан апамның,
Күз иісі мүңкиді.
Күн кесесі төгіліп,
Бұлақтай нұрын таң құйды.
Орамалынан апамның,
Қоп-қоңыр шашың аңқиды.
Қоңыр күзімді сағындым...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ұйқысыз түн

  • 0
  • 0

Ақ пен пәкке ұмтылады жан, арым да,
Ойланбадым мұңнан көрпе жабарымда.
Қайтем енді, жоғалттым ғой мен өзімді,
Күзгі бақта, қоңыр қыздың жанарында.

Толық

Мен іздеген біреу бар

  • 0
  • 0

Мен іздеген біреу бар...
Ол жүреді асфальтында қазақтың,
Топлиымен қытайдың.
Оған білем, сұрғылт күзде жолыққан,

Толық

Көктемгі сағыныш

  • 0
  • 0

Салқын леп жұпары — сағыныш,
Сезімің еседі тоңдырып.
Қанатың шаршаса ұшудан,
Кеудеме аласың қондырып.

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар