Өлең, жыр, ақындар

Жылқышы туралы аңыз

  • admin
  • 28.03.2024
  • 0
  • 0
  • 75
Ер мінезді, жайлы, өңді,
Жоқ ойында елді арбау.
Ертеде бір бай болды
Қоныстанған кең жайлау.

Бәйгеге нар байлапты,
Бай еліне болды құт.
Шақыртатын аймақты
Жиі – жиі той қылып.

Күндіз – күлкі, таң думан,
Серілер ән айтатын.
Оған келген әрбір жан,
Риза боп қайтатын.

Көтерердей бір тауды,
Жау шапса егер қорғайтын.
Алпамсадай мылқау – ды,
Жылқышысы сол байдың.

Жасы отызды еңсерген,
Өз күшіне сенетін.
Барымтамен көрші елден,
Көп жылқы айдап келетін.

Не жауының күші көп,
Не сол жақтан дос тапты.
Осы жылы үш рет
Барымтадан бос қайтты.

Бар еңбегі төленді,
Жан еді бұл ақылды.
Жылқышыға не болды? –
Деп бай басын қатырды.

Өтті осында жыл, айым,
Ғайып болам көзден де, –
Деп, сезіп бай сыңайын,
Кетті мылқау өзге елге.

Өкініштің мұңы қап,
Түйткіл тұнды санада.
Ай, апталар зымырап,
Өтті сан жыл арада.

Тағдырына төзбес кім,
Алла ісіне саяды.
Бір күні бай кездесті,
Жылқышымен баяғы.

Жылқышысы таң қалып,
Тұрды бір сәт ойланып.
Өзге байға жалданып,
Жүр екен ол қой бағып.

Қалған байда қайда кек,
Шемен болған талай жыл?
Созды қолын байға кеп,
Ассалаумағалейкум!

Жылқышы айтты өткенін,
Көз жасын көл еткенін.
Осы күнге жеткенін,
Қалай сөйлеп кеткенін.

Көреді де бағынан,
Жылқы емес, қой бағыпты.
Жасын түсіп жанынан,
Талып бірде қалыпты.

«Көргем тілден көп азап,
Құдайым – ай, себеп пе ең.
Деді ол сосын: о, ғажап!
Сөйлеп кеттім кенеттен.

Көңілдегі сыздаған,
Жара орыны бітер ме?
Еңбек еттім сізге адал,
Әкелем деп құт елге.

Көкірекке толды мұң,
Басыма бақ қонбады.
Барымтада соңғы жыл,
Рас, жолым болмады.

Көргенімді айтсам бұл,
Шығар шындық дерегі.
Барымтадан қайтсам құр,
Бар бәрінің себебі.

Күзде, көктем, қысыңда,
Сан қиындық көргенмін.
Бір барымта тұсында,
Ізгілікке жол бердім.

Құртайын деп таң келмей,
Жылқышыға таядым.
Күпі киген дәл мендей,
Мылқау екен, аядым.

Қайтпаса да қарымтам,
Кісі ертпеуші ем жаныма.
Екінші бір барымтам,
Сәтсіз болды тағы да.

Ойым кейін серпілді,
Алдым бейне қамалдай.
Жылқышысы кемпір – ді,
Ақ жаулықты анамдай.

Жау өлтірген ұлдарын,
Бейбақ па екен, кім білген?
Болды мезгіл түн жарым,
Тыншыды иттер күллі үрген.

Елге не айтам соңыра,
Өз ісімнен түңілдім.
Қайтейін, бұл жолы да,
Ізгілікке жүгіндім.

Ағарып шаш, сақалым,
Үмітімнің солғаны.
Үшінші бір сапарым,
Тағы сәтсіз болғаны.

Асып барып сан қырдан,
Сай – саламен тығылып.
Жау жылқысы аурудан,
Жатыр екен қырылып.

Көңілімді шаң қапты,
Басымды бұлт торлады.
Баяндайтын бар жайтты
Тілім менің болмады.

Қия өтпеп ем алдыңнан,
Жүрдім – дағы көп налып.
Кетіп қалдым аулыңнан,
Басқа жақты бетке алып.

Күңгірт тартты төңірек,
Сөзімді көп созбайын»,
Деп, – жылқышы еңіреп,
Құшты келіп өз байын.

Бар ашуым сейілді,
Жүрші бірге тек ұдай.
Ақ жүрек, кең пеілді,
Жан екенсің, – деді бай.

Құлағандай шынарым,
Кештім сорын қайғының.
Сен кеткелі, шырағым,
Құтаймады байлығым.

Болмай жолым о бастан,
Созылды жұт көп, тегі.
Сен кеткелі көк аспан,
Жаңбырын бір төкпеді.

Атты талай таң кесір,
Көкрекке қонды дерт.
Жауда қалды сан жесір,
Балаларым болды мерт.

Өмір – толқын, жығады.
Қайраңында сынады.
Деп бай қатты жылады,
Бәріне мен кінәлі.

Жұртқа әйгі үлгі, ісі,
Қайратты да, көрікті.
Бір айдан соң жылқышы
Байға бала болыпты.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қымыз

  • 0
  • 0

Білсең жұртқа айта бар,
Сусынды бұл ұлым сен.
Шөліңді тез қайтарар
«Бесті қымыз» сімірсең.

Толық

Соль

  • 0
  • 0

Айтсаң дағы қыр әнін,
Созылмаймын өлшемсіз.
Домбыраның бұрауын,
Түсіріп көр, «соль»-сіз.

Толық

Бірінші суайт (І)

  • 0
  • 0

Жүктедім де кенені,
Қуып жеттім кемені.
Желден желкен жасадым,
Діңгек қылып шегені.

Толық

Қарап көріңіз