Өлең, жыр, ақындар

«Жамбы ату»

  • admin
  • 27.03.2024
  • 0
  • 0
  • 63
Бұған куә сан аңыз,
Қанды қырғын кешегі.
Адуынды бабамыз
Мерген болған деседі.
Қорғамақ боп әскерді ен,
Талай сойқан бүліктен.
Нысанаға хас мерген
Бірінші өзі іліккен.
Ілген тиын – теңгең бе,
Жарау атпен шаңдатып,
Той қызғанда, мергендер
Кірісті іске жамбы атып.
Не қылмақшы өзге ойды,
Етер мерген үлгі өзін.
Нысананы көздейді
Қысып қойып бір көзін.
Бәрін бүгін суретке
Бір-бірлеп мен түсірдім.
Ие олар құрметке,
Өздеріне ұсындым.
Таға алады кім айып,
Білмейтіні әлі көп.
Отыр інім мұңайып,
Соқыр екен бәрі, – деп.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ұшқыш балық

  • 0
  • 0

Шөп-шаламды елемес,
Қорегі оның жетеді.
Теңіз емес,
Көл емес,

Толық

Орта Азия аспаптары

  • 0
  • 0

Ерттеген соң біз атты,
Ұмытпалық ...
(қыжақты).
Тыңдаталық оғызға,

Толық

Қазақ тойында

  • 0
  • 0

Той дегенде тұрған ба,
Қызыққа әрбір жан құмар.
Ойын қызып бұл маңда,
Түсте көкпар тартылар.

Толық

Қарап көріңіз