Өлең, жыр, ақындар

Қазақ тойында

  • admin
  • 27.03.2024
  • 0
  • 0
  • 93
Той дегенде тұрған ба,
Қызыққа әрбір жан құмар.
Ойын қызып бұл маңда,
Түсте көкпар тартылар.
Келгін туыс, жақындар,
Мереке ғой бүгін нақ.
Айтысқанда ақындар
Кетті ел – жұрт шуылдап.
«Жүрмей босқа сабылып,
Қолдан намыс бермеңдер!»
Кепшік, дабыл қағылып,
Мойнын созар кернейлер.
Алтыбақан тербеліп,
Көтеріліп ән тәтті.
Көкке тиын, теңге іліп,
Хас мергендер жамбы атты.
Бәйге аттары жарысып,
Алға шықты кер бесті.
Анау жақта алысып,
Палуандар белдесті.
Тыңда, досым, тұра қап,
Күй кернеді аспанды.
Бітіп «Тоғызқұмалақ»
«Атан жарыс» басталды.
Қарттардан ап бата мың,
Самғар көңіл қияға.
Той дегенмен аты оның,
Той – кіші олимпиада!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Балқаймақ

  • 0
  • 0

Қойды өріске айдатып,
Болғаннан соң мал жайлап.
Түйе сүтін қайнатып,
Алар әжем балқаймақ.

Толық

Орта Азия аспаптары

  • 0
  • 0

Ерттеген соң біз атты,
Ұмытпалық ...
(қыжақты).
Тыңдаталық оғызға,

Толық

До

  • 0
  • 0

Ноталардың басымын,
Оқшау тұрам бәрінен.
Алшы тұрған асығым,
Саз – әуеннің мәні – мен

Толық

Қарап көріңіз