Өлең, жыр, ақындар

Шаң түссе ұятыма

  • admin
  • 26.03.2024
  • 0
  • 0
  • 60
Аспанымды арман, мұң қабат басып,
Күйзелгенмін көңілден абат қашып.
Ой-өрісі...
Пенденің түсінігі,
Жатпай ма екен, санамен сабақтасып.

Емінгеннің есепсіз кеші өтпейді,
Көлгірсулер намысты көсеп қойды.
Дандайсыған жандарың дана ма екен,
Ақылдыны әлжуаз өсектейді.

Қырсық бар да қиянат кетпейді ұлып,
Көкіректе көрінбей көктейді үміт.
Кекеткені несі екен...
Қажырлыны
Өзімшілдің өресі жетпей тұрып.

Аңғармадым арманды үсінбеген,
Қырағы көп...
Сонда да қысым көрем.
Өлетұғын шағында өкінбей ме,
Өз деңгейін өздері түсінбеген.

Жалғыз ғана жалғанды мұң кезбеген,
Ажыратқан айла бар кімді өзгеден.
Ақ жолымнан адасып кетпейін деп,
Алды-артыма қараймын сын көзбенен.

Түленді ойлар түртеді...
Түрпі етегі,
Шикіліктер шындықты күлкі етеді.
...Шалдыққанда шаң түссе ұятыма,
Маңдайымнан суық тер бұрқ етеді.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Көкейімде көп сұрақ

  • 0
  • 0

Талап қуам тамұғыңда пісем де,
Өмір осы...
Үйренгенмін кісенге.
Асқақтаған ағайындар сияқты,

Толық

Неге ғана

  • 0
  • 0

Сарбазың көп болғанмен сапта көрген,
Жайғасқан жерде жетім, тақта мерген.
Бәрібір абызыңа айналмайды,
Көпіртіп мәңгүртіңді мақтағанмен.

Толық

Көк ту

  • 0
  • 0

Тамашалап қайтуға
Астанаға барғанбыз,
Тіл жетпейтін айтуға
Одан әсер алғанбыз.

Толық

Қарап көріңіз