Өлең, жыр, ақындар

Бір күн

  • Jigit
  • 22.02.2024
  • 0
  • 1
  • 246
Бір күн бақыт, бір күн шаттық, бір күн мұң,
Әсерінен шыға алмаймыз бір күннің.
Қуанышта ұмытамыз барлығын,
Қайғы келсе ластап көңіл тұнығын.

Бір күн байсың, ақшаңда көп, тоқ күйің,
Бір күн тіпті таба алмайсың көк тиын.
Бір күніңде өзгерем деп жүгірсең,
Бір күніңді шегересің көп кейін.

Бір күн ғашық боп жүресің сұлуға,
Бір күн дайын боп жүресің құруға.
Бір күндері махаббатты көп бөлсең,
Бір күн зәру боп қаласың жылуға.

Өмір осы бір күн кетер, бір күн кеп,
Әр күніңде жүру керек күлімдеп.
Сол бір күнің келмей қалса қайтесің,
Уақытыңды бағаламау бір індет.



Пікірлер (1)

Erdauletuly_Kydyrali

Керемет ????

Пікір қалдырыңыз

Бақытсыз деп санасын

  • 1
  • 2

Әсем көзін көздеріме қадаса,
Тулап жүрек дүрсіл қағар жаңаша.
Бақытым деп көрсетемін бір қызды,
Мені біреу бақытсыз деп санаса.

Толық

Анамдай қыз іздеймін

  • 2
  • 1

Іздемеймін көйлектің қысқаларын,
Қыздарға, жоқ қоятын жүз талабым,
Ең сұлуы, ерекшесі керек емес,
Таңдап алам анама ұқсағанын.

Толық

Қарап көріңіз