Өлең, жыр, ақындар

Анамдай қыз іздеймін

  • Jigit
  • 22.02.2024
  • 2
  • 1
  • 175
Іздемеймін көйлектің қысқаларын,
Қыздарға, жоқ қоятын жүз талабым,
Ең сұлуы, ерекшесі керек емес,
Таңдап алам анама ұқсағанын.

Айқайлап ұрыспасын бекер маған,
Болмасын қабақ түйген, өте надан.
Боянған сұлулығы керек емес,
Анамдай күліп жүрсе жетер маған.

Қыз іздеймін, өшпейтін мол шырағы,
Әр күніміз бақытты, болсын мәнді.
Әртүрлі тағамдары керек емес,
Анамның тамағындай болсын дәмді.

Жұп іздеймін қалсын деп атым мәңгі,
Ата-анама бал болсын татырғаны.
Адамзаттың барлығын сүймеседе,
Анамдай сыйлап өтсін жақындарды.

Туралықпен жөн сілтеп, бағыт қылар,
Күлкісімен үй ішін жарық қылар.
Қыз іздеймін, жүзіне қарағанда,
Анамды күнде есіме салып тұрар.



Пікірлер (1)

Erdauletuly_Kydyrali

Керемет ????

Пікір қалдырыңыз

Бір күн

  • 0
  • 1

Бір күн бақыт, бір күн шаттық, бір күн мұң,
Әсерінен шыға алмаймыз бір күннің.
Қуанышта ұмытамыз барлығын,
Қайғы келсе ластап көңіл тұнығын.

Толық

Бақытсыз деп санасын

  • 1
  • 2

Әсем көзін көздеріме қадаса,
Тулап жүрек дүрсіл қағар жаңаша.
Бақытым деп көрсетемін бір қызды,
Мені біреу бақытсыз деп санаса.

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар