Өлең, жыр, ақындар

Бір бала (Халық әні)

Талдан таяқ жас бала ай таянбайды
Бала бүркіт түлкіден аянбайды
Угай-ай, ән салшы-ай бір бала

Қайырмасы:
Қос етек, бұраң бел
Қуалай соғар қоңыр жел.
Қос етек, бұраң бел
Қуалай соғар қоңыр жел.

Елдің көркі ақ тоты ай бір баласын
Қай дұшпан көзі қиып жамандайды
Угай-ай, ән салшы-ай бір бала.

Айналайын қарағым, ау келдің қайдан
Алма мойын ақ үйрек ұшар сайдан.
Угай-ай, ән салшы-ай бір бала.



Пікірлер (1)

Әбіләз

Авторы Бақытжан Мадина ма әлде халық па?

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз