Өлең, жыр, ақындар

Көк серке

  • admin
  • 16.02.2024
  • 0
  • 0
  • 68
Ертеде, өте ертеде,
Ешкінің жүні бөртеде
Болған ғой тұлпар, сұңқар да,
Қой бастар не бір серке де.
Бір аңыз айтып берейін
Бимəлім біздің өлкеге:
Даланың əнші сыршылы
Сайрайды сары шымшығы.
Жарқырайды, əне, моншақ боп
Кеппеген таңғы гүл шығы.
Сұлу ғып көктем көкті де,
Сəн қосқан таудың көркіне–
Бір шыңы– тұлпар, бір шыңы–
Ұқсайды қыздың бөркіне.
Тұрғанда қойшы сүйініп,

Қара бұлт шықты түйіліп.
Жел соқты алай-түлей боп,
Қиыршық құмды үйіріп.
Жаяулап қойшы жүгірді
Алмақ боп қойын иіріп.
Бөлінді қойлар екіге,
Бағынбай қойшы еркіне.
Жүгірді ана шетіне,
Жүгірді мына шетіне,
Қайыру берер түрі жоқ,
Бытырай қашты бетіне.
Жете алмай əбден алқынды,
«Аймүйіз» деушем атыңды,
Едің ғой, серкем, ақылды», –
Деді де ол, сосын қой бастар
Серкесін былай шақырды:
«Қойларым мына бопты ерке,
Құрқой-ау, құрқой, көк серке,
Құтқара көрші, көк серке,
Құт ала келші, көк серке.
Қойларым, құрқой, көк серке,
Тыңдамай тұр ғой, көк серке.
Оң жақта жүр ғой, көк серке,
Сол жақта жүр ғой, көк серке».
Көк серке қойып басқаны,
Қойларды иіре бастады.
Ай мүйізімен айбатты

Қорқытты, бірін жасқады.
Көк серкеге олар үйренген,
Бытырап, үркіп қашпады.
Айласы оның көп еді,
Төменге жүйткіп жөнеді.
Қойлардың бəрі маңырап
Соңынан еріп келеді.
Күйшілер осы дыбысты
Күй етіп сосын төгеді.
Аға да оны тартыпты,
Бала да оны тартыпты.
Сол күймен таң да атыпты,
Сол күймен күн де батыпты.
« Көк серке» күйі жайлаудың
Көгінде сөйтіп қалқыпты.
Тыңдаған тау-тас балқыпты,
Өзендер, көлдер толқындап,
Арнасын теуіп шалқыпты.
Қойшы да
Бай ат мінгізіп,
Болыпты дейді бақытты.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қалай бүркіт өседі?

  • 0
  • 0

Балапан ғой бұл әлі,
Бүркіт болып шығады.
Балапан кез – ақ үрпек,
Әрі әлсіз, әрі үркек.

Толық

Əдептілік

  • 0
  • 0

Көрінгенді сұрайтын,
Бермеді деп жылайтын,
Ұмыт жаман əдетті,
Бала боп өс əдепті.

Толық

Ақ ләйлектер

  • 0
  • 0

Сендерге ешкім тимейді,
Сендерді кім сүймейді?!
Ақ ләйлектер, келіңдер,
Бөпе әкеліп беріңдер!

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар