Өлең, жыр, ақындар

Ең үлкен байлық

  • admin
  • 16.02.2024
  • 0
  • 0
  • 104
(Түрік ертегісі ізімен)
Ерте-ерте ертеде
Ешкі жүні бөртеде
Болған ертек айтайын
Өзіміздің өлкеде.
Күнді түнге жалғады,
Түнді күнге жалғады.
Түнде ұйықтай алмады.
Мұрат деген баланың
Бай болу-бар арманы.
Ойы маза бермеді,
Кеудесін жел кернеді.
Қолын бірде сермеді.
Сермеп:
– Шіркін, керемет,
Бай болсам ғой мен! – деді.
Естіп мұны бір кісі:
– Бай боласың сен, – деді –
Бір көзіңді бер! – деді.
«Қалай қиып беремін?!»,
Тұла-бойы терледі.
– Онда аяғың керегім,
Бірін маған бер!-деді.
Өзгеріп түр-түсі де,
Кетіп бойдан күші де,
Шошып сосын:
– Бермеймін! –
Деді ол əлгі кісіге.
– Байлыққа ашам жолыңды,
Жүресің кіл көңілді, –
Деді кісі:
– Маған сен
Бер онда бір қолыңды!
«Сөз бе екен бұл орынды,
Берем қалай қолымды?!»
Қолын беру Мұратқа
Мүлде үрейлі көрінді.
Қорқынышты жан-жағы,
Мұрат үндей алмады.
Үш мүшесін сұраған
Кісі сөзін жалғады:
– Екі көзің – шырағың,
Екі аяғың – пырағың.
Екі қолың – құралың, –
Деді ол енді күлімдеп,
– Сенен жорта сұрадым.
Ең зор байлық өмірде –
Денсаулығың, шырағым!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қалай бүркіт өседі?

  • 0
  • 0

Балапан ғой бұл әлі,
Бүркіт болып шығады.
Балапан кез – ақ үрпек,
Әрі әлсіз, әрі үркек.

Толық

Құр

  • 0
  • 0

Пысқырынғыш келеді,
Үні қызық, тұр тыңдап.
Төбелесе береді,
Қораздары құрқылдап.

Толық

Мейірім

  • 0
  • 0

Бəрі құшақ ашқанның –
Нұрын төгіп аспанның
Жерге шуақ шашқан күн,
«Айналдымы» Анаңның –

Толық

Қарап көріңіз