Өлең, жыр, ақындар

Жетелі

  • admin
  • 16.02.2024
  • 0
  • 0
  • 53
Баламасы «ақылдың» –
Деген сөз бұл «жетелі».
Білмейтін етжақынды
Жетесіздер жетеді!
Жетелі адам – ұғымды,
Жетелі адам – саналы.
Сезіп қайғы-мұңыңды,
Көңіліңді табады.
Жақсы оқы сабақты,
Оқы əңгіме, ертегі.
Ақылды да талапты
Болса бала –
Жетелі!

***
Орындап əке тілегін,
Айтқанын істеп жүремін.
Мен жеті ата-бабаның
Аттарын жатқа білемін!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ана тілі

  • 0
  • 0

Барлық ойың – Ана тілде,
Абыройың – Ана тілде.
Ақыл, нақыл, ол – өнеге,
Ана тілді қанатым де!

Толық

Құр

  • 0
  • 0

Пысқырынғыш келеді,
Үні қызық, тұр тыңдап.
Төбелесе береді,
Қораздары құрқылдап.

Толық

Ұятты мен ұятсыз

  • 0
  • 0

Білмейтін бала ұятты –
Ойнауға басы жеткенмен,
Ойлауға басы жетпейтін
Жабайы маймыл сияқты.

Толық

Қарап көріңіз