Өлең, жыр, ақындар

Сен келесің

  • admin
  • 07.02.2024
  • 0
  • 0
  • 94
Терезеге қарасам сен келесің,
Соның өзі қуаныш пендеге шын.
Білмейсің ғой сезімді саған деген,
Сезім толы көзімді көрмегесін.

Күліп өте шығасың сәлем беріп,
Сол кезде қалатындай әлем кеңіп.
Бұл сезімге тыйымның салынғанын,
Екеуіміз үндемей дәлелдедік.

Көрікті келбетіңе көрермен ем,
Ғашықтығы асқынған өлермен ем.
Қарсы алдыма түнімен отырғызып,
Сурет салып шықсам ғой өлеңменен.

Сол өлең ғашықтарға ұран болар,
Бәз біреу бұған бәлкім күмәнданар.
Бір күндері оқисың өлеңімді,
Сол кезде көздің алды тұманданар.

Ал қазірше көрмейсің елемейсің,
Мен жай қайық сен үлкен кемедейсің.
Сені сүйіп от болған кеудем үшін,
Жаңбыр болып жай ғана себелейсің.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жапалақтап түсiрсе қарды көктен

  • 0
  • 0

Жапалақтап түсiрсе қарды көктен,
Арман келiп құлағандай арғы беттен.
Салқындық самал болып есе берсiн,
Ал менiң жүрегiмде мәңгi көктем.

Толық

Үнсіз жүрек

  • 0
  • 0

Ол кезде жырсыз жүр ек үнсіз жүр ек,
Сезімді тапқан сен ең шын сүзгілеп.
Үміттің құба таңын атырғансың,
Қымбаттым ұнатамын бір сізді деп.

Толық

Сен кеткелі

  • 0
  • 0

Түрім де бұзылғандай сен кеткелі,
Еш кетіп сезімімнің еңбектері.
Аспан өзі күрсініп тұрғанменен
Жұбатуға тырысты жер-көк мені.

Толық

Қарап көріңіз