Өлең, жыр, ақындар

Өкпелеме...

  • admin
  • 05.02.2024
  • 0
  • 0
  • 94
Белден асты тағы бір іңір көші,
Бұл қаланың ауысты бүгін де есі.
Бала күнім көретін бәрін
«әппақ» бүгініме, өтінем, үңілмеші.
Үңілмеші, өтінем, бала күнім.
Тастай қала күйретті сананы мың.
Он сегізде өртіне орап кеткен,
Сезім салған жүректе жараны ұғын...
Бала күнім...
Білемін, өкпелісің.
(Армандаусыз бір күнің өтпеді шын.)
Мұңға толы кеудемде бұлқынады,
Сен жіберген самға деп көкте құсың.
Көкте құсың, ал жерде гүлің жайнап,
Періштенің күлкісі жүзінде ойнап,
Сен салатын «бейкүнә суретшім-ау»
«шығармаңды» бұл өмір ұғынбайды-ақ...
Ұғынбасын!
Өкпелеме, бала арман, арда күнім.
Тектілердің өтемін жалғап үнін.
Бұйырған күн шыққанда биігіме,
Туын қадап кетемін арманыңның!!!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Алматыға (Екінші өлең)

  • 0
  • 0

Ей, Алматы!
Жалқы мұңның жанарындай күз келді
Астанаға... Сосын «Пушкин» бағына.
Қайта айналып келе ме екен бізге енді,

Толық

Бұл көктем сен жазған ән сынды

  • 0
  • 0

Бұл көктем сен жазған ән сынды,
Жалғыздық ішінен күліп тұр.
…Қайғымды бітпейтін жол сынды,
Жай ғана ұмыттыр.

Толық

Астананың аспанынан көшкен бұлт

  • 0
  • 0

Астананың аспанынан көшкен бұлт,
Күз-бауырың хош келіпті! Хош көрдік!
Бір әлеммен тым ертерек қоштасып,
Бір әлемге кеш келдік.

Толық

Қарап көріңіз